Біздің қоғамдық санада әлемдік саясаттағы оқиғалар біздің елге айтарлықтай әсер етпейді, әлдекімдер өзара жаға ұстасып жатса, одан қазаққа келіп жатқан зиян жоқ сынды ұстаным кең тараған. Бұл – қате ұстаным. Шындығында Ресей мен Украинаның басы-қасындағы жағдай болсын, Венесуэладағы бүгінгі теке-тірес болсын, иә болмаса Сириядағы соғыс әрекеттері біздің елге теріс ықпалы жетерлік. Осындай қауіп-қатерлердің арасында Ауғанстанның жөні бөлек.
Алдымен Американың рөлі жайында. Естеріңізде болса, сонау 2001 жылы Уашингтон мен оның НАТО бойынша одақтастары халықаралық терроризмге қарсы күрес науқанын осы Ауғанстаннан бастаған еді. Әрине, аталған науқан Батыс үшін тек терроризмді тұншықтырып, 11 қыркүйек оқиғасы үшін кек қайтарумен шектелген жоқ. Мақсат – Орталық және Оңтүстік Азияда өзінің саяси мүддесін қамтамассыз ету, Каспий мұнайы айналасындағы дәмелерін бекіту, Иран, Қытай және Ресей секілді геосаяси бәсекелестерінің қақ ортасында базаларын ашып, сол арқылы сес көрсету. Сол себепті де Ауғанстандағы операцияны сүйемелдеуді сылтауратып, көршілес жатқан Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстанда НАТО-ның әскери базалары ашылды.
Рас, Батыстың бұндай белсенділігі Мәскеу мен Бейжінді біршама алаңдатты. Алайда, Орталық Азия республикалары үшін бұл – көбіне жағымды жаңалық еді. Неліктен? Біріншіден, аймақтың бұған дейін айтарлықтай еленбей келген стратегиялық маңызы әп-сәтте артып шыға келді. Екіншіден, жергілікті республикалар шешуші әлемдік ойыншылармен байланыстарында қосымша ұпай жинауға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Батысқа арқа сүйей отырып, Ресей мен Қытай сияқты алыптардың мысын басатын балама пайда болды. Демократиялық тұрғыдан да АҚШ-тың сыни мәлімдемелері күрт азайды. Үшіншіден және ең бастысы, Ауғанстаннан туындаған лаңкестік пен діни экстремизм секілді қауіп-қатерді басқа елдердің есесінен болдырмауға жол ашылды.
Бұл тұрғыда 2001 жылға дейінгі ахуал аса қиын еді. Алдыңғы кезеңде КСРО әскерлері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін бұл елдегі ұлт-азаттық күрес кәдімгі азаматтық соғысға ұласып кетті. Аталған теке-тіресте билікке келген моджахедтерге жаңадан пайда болған Талибан қозғалысы қыр көрсетті. Әлгі қос күш Ислам діні жалауын көтергенімен шиеленістің дені үлкен саясатта жатты. Ауғанстан үшін дәстүрлі діни құндылықтарға негізделген моджахедтерді негізінен алғанда жергілікті тәжік, өзбек, парсылар қолдап, олардың артында Ресей, Орталық Азия республикалары мен Иран тұрды. Енді радикалды көбіне Уахаби бағытты ұстанып этникалық пуштундардан құралған талибандар болса, өз ықпалын кеңейтуге ұмтылған Пәкістан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері секілді мемлекеттерге арқа сүйеді. Ақыры 1990 жылдардың аяқ шенінде талибандар ел астанасы Кабулды басып алып, Ауғанстанның басым бөлігінде өз үстемдігін орнатты. Және бұл жеңіспен олар тоқтамайтыны анық еді.
Аумалы-төкпелі 1990 жылдардың бойында Орталық Азиядан қашуға мәжбүрленген діни һәм оппозициялық сарындағы күштер Ауғанстанды паналады. Билік басына келген талибтер оларды қамқорлыққа алғаны өз алдына Өзбекстан Ислам қозғалысы, басқа да радикалды топтарды пайдалана отырып, өз ықпалын солтүстікке яғни зайырлы Орталық Азияға таратуға бет алды. Сол саясаттың алғашқы қоңырауы ретінде 1999 жылғы атышулы ауған содырларының Қырғыз жеріндегі Бәткенге, 2000 жылғы Өзбектің Сұрхандария ауданына шабуылдарын атауға болады. Өз кезегінде талибтердің өкілдері жергілікті көсемдерді Исламның жаулары деп жариялады.
Дағдарысты жағдайда отырған Ресей Ауғанстан істерінде қауқарсыздық танытқанда, ал Батыс пен Қытай айтарлықтай қызығушылық таныта апғанда Орталық Азияның әлсіз республикалары аман қалудың оңтайлы жолдарын іздеп бақты. Ендігі ретте Моджахедтерді және олардың көсемі Ахмад Шах Масудты қолдаудың орнына Талибан үкіметімен мәмілеге келу амалдарына басымдық берілді. Мәселен, Өзбекстан сыртқы істер министрі осы мәселені талибтердің сыртқы істер министрі Мулла Мутауккилмен талқылады. Қазақстанның сол кездегі бас дипломаты Ерлан Ыдырысов талибтерді жек көрінішті көрсетудің еш негізі жоқ екенін алға тартты.
Бұл үрдістің арты немен аяқталарын қазір айту қиын. Бірақ, атышулы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғалары жағдайды 180 градусқа бұрып жіберді. Қас-қағым сәтте Америка империясының айбар шегуімен халықаралық қауымдастық оның ішінде Орталық Азия басшылары талибтік Ауғанстанға қарсы шыққан антитеррорлық коалицияға енді. Тіпті АҚШ-тың іргелес аумаққа енуін ұнатпаса да, Ресей мен Қытай аталмыш науқанға наразылық білдіруге дәті бармады.
Әу баста XXI ғасырдың армиясының орта ғасырлық жасаққа қарсы соғысы НАТО-ның толықтай жеңісімен аяқталғандай көрінді. Санаулы айлардың ішінде-ақ Талибан билігі құлап, оның жақтастары талқандалды. Ауғанстан басшылығына Хамид Карзай жетекшілік еткен батысшыл саясаткерлер қойылды. Көрсетілген қысым нәтижесінде Пәкістан, Сауд Арабиясы сынды талибтердің кеше жақтастары антитеррорлық коалицияның талаптарына бой ұсынды.
Шын мәнісінде жағдай басқаша жолмен дамыды. Көп ұзамай Ауған халқын жауыз биліктен азат етушілердің өздері басқыншыларға айнала бастады. Терроризмге қарсы соғыс бірте-бірте ұлт-азаттық реңкке ие болды. Талибтердің де күштері негізінен алғанда талқанданбағаны, тек астыртын партизандық соғыс әрекеттеріне көшкені анықталды. Айналып келгенде 11 қыркүйек оқиғаларына кінәлі деп танылған Усама Бен Ладеннің көзі жойылғанын санамағанда НАТО күштері діттеген мақсаттарына жетпеді. Қыруар күш пен қаржы жұмсалса да, Ауғанстан сол қалпы талибтерден тазартылмады. Елдің өзі демократиялық қоғамға аяқ баспады.
Есесіне Ресей мен Қытайдың ықпалымен Орталық Азия республикалары да біртіндеп өз аумағынан НАТО әскери базаларын шығаруға көшті. Басқа себептердің қатарында жергілікті билеушілердің түрлі-түсті революцияларды қоздырушы АҚШ деген ресейлік үгіт-насихатқа бой алдырғанын атауға тұрарлық. Американың саясатында да өзгерістер болды.
Әуелде президент Джордж Буш Ауғанстан мен Ирақта бастаған соғысқа АҚШ қоғамы айтарлықтай қолдау білдіргені рас. Алайда заман өте бұл ұстаным соғысқа, өз азаматтарының бөтен соғыста қаза болуына, ол үшін орасан зор шығындарға нарзылық күшейді. Белгілі дәрежеде шалғай елдердегі күштік әрекеттер америкалық ішкі саясаттың шешуші факторына айналды. Сондықтан Ақ үйдің келесі қожайындары Барақ Обама болсын, Дональд Трамп болсын сайлауалды бағдарламасында осындай қоғамдық пікірмен санасуына тура келді. Екіншіден, ғаламның түкпір-түкпіріндегі шиеленістерге араласу Американың әлеуетіне де нұқсан келтіретіні алға тартылды. АҚШ әскерінің 2010 жылдан бастап, Ирақтан, 2018 жылдан бастап Сириядан шығарыла бастауы сондай өзгерістердің көрінісі іспеттес. Бірақ, оның басқа да маңызды тұстары болды.
Рас, Ирақ пен Сирияда Уашингтон өз дегеніне жете аламады. Қайта қыруар шығындарға батып ғаламдық ара салмақты сақтап тұру мүмкіндіктерінен айрыла бастады. Тиісінше ендігі ретте жер-жерде өз үстемдігін орнату орнына америкалықатар ондағы қауіпсіздік үшін жауапкершілікті Қытай мен Ресей сияқты бәсекелестерінің мойнына іліп қою саясатын жөн көрді. Бұл тұста кез-келген аймақтық түйткілдің тарқатылуы орасан зор күш-қуат талап ететінін ескеру қажет.
Ауғанстанның өз ішіне оралсақ. Соңғы он шақты жылда бұл елдегі НАТО әскерлерінің саны 170 мыңнан 14 мыңға дейін қысқартылды. Ондағы мақсат Ауғанстандағы тұрақтылық сақтау мен радикалдарды ауыздықтау мәселесін арнайы дайындықтан өткен жергілікті күштердің қолына тапсыру. Аталған міндет жартылай ғана іске асқанын толастамай отырған террорлық әрекеттер айғақтайды. Тіпті ресми билік тек Кабул, Қандағар, Мазари-Шариф секілді ірі қалаларды бақылап, қалған аумақтарда әсіресе, Оңтүстікте олардың үкімі жүрмейтіні белгілі. Оның үстіне шетелдік басқыншылар мен оларға сатылған билікке қарсы күрес бұрынғыдан бетер өршіді.
2018 жылы Сирияда "Ислам мемлекеті", "Джабхат-Нусра" сынды қозғалыстар жеңіліске ұшыраған соң Ауғанстандағы жағдай күрт нашарлап кетті. Себеп – ұрыс кезінде қаза тапқан немесе тұтқынға түскен мыңдаған содырдарды ешкім көрген жоқ. Есесіне кәдімгі жалдамалы кәсіби жасақтар сипатында және ықпалды демеушілердің айдап салуымен олар енді Либия, Судан секілді басқа соғыс қалпындағы елдерге ағылды. Осылардың алдыңғы шебінде әрине, Ауғанстан тұрды. Бұған дейін Ислам мемлекеті Ауғанстанда әжептеуір әлеуетке ие болып үлгерді. Жергілікті біраз қарулы топтар, оның ішінде тегі өзбек, тәжік, хазар, басқа түркі тілдес радикалдарды біріктіргендері бар, осы ұйымға қосылатыны жайлы ант-су ішті. Осылайша НАТО, ресми билік, Талибан секілді Ауған жеріндегі жетекші күш иелері төртінші ойыншымен толықты.
Қалыптасып отырған жағдайда екі оттың арасында қалған НАТО мен оның Кабулдағы қосшылары басқа амалы қаламағандықтан талибтермен ауызжаласуға көшкен сыңайлы. Оған дәлел ретінде Талибанды мойындап, оны алдағы парламенттік сайлауларға қатыстыру, ашық теке-тірестен бастап тартып, ымыраға келу жайлы келіссөздерді келтіруге болады. Тіпті жоғарды айтылған Трамптың өзі АҚШ әскерінің Ауғанстаннан кету-кетпеуі аталған келіссөздерге байланысты екенін жасырмады. Бұл нені білдіреді? Біріншіден, америкалықтар кетер болса, бұл елде НАТО-ның жасақтары да қалмайтыны анық. Екіншіден, бастысы коалициясының көмегінсіз Кабулдағы үкімет ара-салмақты сақтап қалуы неғайбыл. Мәселен, 1988 жылы Кеңес Одағы Ауғанстаннан шегінгенде ол тағайындаған президент Наджибулла билігі екі жылдан аспады. Үшіншіден, түбі кезінде Моджахедтер мен Талибан секілді Ауғанстанда әсіредіншіл билік орнауы ықтимал.
Жағдай дәл осылай өрбитін болса, Орталық Азияға зор қауіп туындамақ. Себебі 1990 жылдардың аяғында сияқты Ауғанстанды бағындырумен радикалдар шектелмейтіні белгілі. Және бірінші кезекте олар нысанаға оңтүстіктегі одақтас Пәкістанды иә батыстағы азулы да діни ұстанымы бөлек шииттік Иранды не шығыстағы алпауыт Қытайды емес, Орталық Азияны нысанаға алуы мүмкін. Бұған Сирия мен Ирақтағы соғыста әбден машықтанған мыңдаған тегі өзбек, тәжік, шешен, қырғыз, қазақ содарлардың басым бөлігі олардың қарамағына келіп құйылғанын қосыңыз. Мәселенің екінші ұшы – дағдарыстан көз ашпай, өзара кикілжіңдерге бой алдырған Орталық Азия республикалары төнген қауіп-қатерге төтеп беруге қауқарлы ма? Оның үстіне Ауғанстандағы дүлей күшті қатарынан 18 жыл тұсауда ұстап келген НАТО кетуге шақ тұрса екен. Тіпті одақтастар санатындағы Ресей мен Қытай араша түскен күнде ондай қолғабыстың құны қандай болмақ? Әсіресе, онысы үлкен саясатта әдетте Тәуелсіздікпен өлшенетінін ескеру керек.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 5532
- 1
- 6
-
2⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 20 ноября
- 2488
- 0
- 5
-
3🍇 В модном винограде без косточек казахстанские специалисты не нашли вредных бактерий
- 2511
- 3
- 23
-
4🤔 Борьба с покупкой водительских прав: автошколы отказываются передавать частной компании данные о выпускниках
- 2304
- 2
- 26
-
5👀 В Казахстане редко назначают домашний арест, несмотря на большие расходы на содержание в СИЗО
- 2184
- 2
- 9
-
6👨⚖️👨⚖️👨⚖️🟢Суд Алматы отправил руководителя таможенной лаборатории в колонию за взятки
- 2175
- 0
- 25
-
7🎫✈️ Станут ли невозвратные билеты возвратными и зачем субсидировать авиарейсы – глава КГА
- 2239
- 0
- 11
-
8😱 Одного из богатейших людей мира обвинили во взяточничестве. Акции его компаний обвалились
- 2286
- 3
- 14
-
9🟢 Улице в Астане присвоили имя общественного деятеля
- 2213
- 2
- 46
-
10🚛🏗 Торговля и логистика в Центральной Азии: новые коридоры, продукты и D2C-модель
- 2198
- 0
- 6