Египетте экономиканың түсімнің басым бөлігі Суэц каналы арқылы келеді. Яғни, әрі-бері өткен кемелер Мысырға қыруар қаржы төлеп отыр. Дәл сол секілді біздің ел де пайдаға кенелуі мүмкін. Басқа-басқа, бірақ дәл Қазақстан үшін көлік-транзит саласы өте өзекті. Себебі, еліміздің географиялық орналасуы да, инфрақұрылымдық жобалары да, экономикалық әлеуеті де аталған саланы дамытуға мүмкіндік береді. Бәлкім, келешекте біз де мысырлықтар секілді Қытайдан шыққан тауардың Еуропаға жеткізуіміз үшін қыруар қаражатты шырт-шырт санап отыратын күнге жетеміз.
Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өткен. Жиынға біздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Сол саммитте мемлекет басшысы "Бір белдеу – бір жол" жобасының әлеуетіне тоқталып, жыл сайын 1,5 триллион долларға дейін пайда табуға болатынын жеткізді. Бұл соманың сүбелі үлесін алуға Қазақстан да үмітті. Себебі, жобаның біраз бөлігі біздің ел аумағынан өтеді.
Осы орайда, президент "ТрансАлтай диалогы" бастамасының жүзеге асырылуына үміт білдірді. Аталған жобаға Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдері қосылмақ. Осылайша, "Алтай" аймағының жер көлемі, халық саны, экономикалық қуаты секілді бірегей әлеуетін тиімді пайдалана алады. Былай қарасаңыз, Алтай өңірі үлкен территорияны алып жатыр. Алайда төрт елдің құрамына кірген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның Ресейден алыстап бара жатқаны туралы пікірлер – үстірт пайым
Аймақтағы қарым-қатынасты нығайту үшін көлік байланысын нығайтып, инфрақұрылымды дамыту қажет. Мұндай жағдайда өңірдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл мәселе әлі талқылау кезеңінде болса керек. Тоқаев Ақтауда қарашада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының алғашқы форумында осы мәселені талқылау қажет екенін жеткізді.
Жоба түбегейлі жүзеге асып жатса, ең әуелі сондағы халық пайдасын көретін болды.
(Жазба Қазбек Майгелдиновтің Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🥩 В Астане откроется праздничная ярмарка «Соғым-FEST»
-
7147
-
0
-
8
-
-
2🎆 Где в Алматы можно запускать салюты, чтобы не получить штраф
-
2501
-
0
-
15
-
-
3⏺В 2025 г. фонд «Даму» поддержал 11 тыс. проектов на 1,9 трлн тг.
-
2229
-
0
-
13
-
-
4🩺 Онкобольные остались без льгот: в Семее выявили нарушения
-
2086
-
0
-
35
-
-
5📞 Токаев и Трамп провели продолжительный телефонный разговор
-
2059
-
4
-
47
-
-
6❗️Грету Тунберг арестовали в Лондоне
-
2116
-
1
-
32
-
-
7🏙Токаев принял главу холдинга Байтерек
-
2193
-
3
-
14
-
-
8🌱 Акимат Мангистау судится с подрядчиком из-за рекультивации «Кошкар-Аты»
-
2149
-
0
-
8
-
-
9🔑 Токаев вручил ключи от квартир сотрудникам Генеральной прокуратуры, Службы государственной охраны и МВД
-
2069
-
3
-
46
-
-
10⚡️ АО "KEGOC" по итогам 2025 года подтвердило устойчивость работы Единой электроэнергетической системы страны и выполнение ключевых производственных показателей.
-
2154
-
0
-
5
-
lw-3094948329-4
USD:
513.7 / 516.3
EUR:
601.0 / 606.0
RUB:
6.39 / 6.51