Қазір әлеуметтік желіде "Цой жыныс ауыстыруға рұқсат беріпті" дегендей ақпарат тарап жатыр. Шындап келгенде, Денсаулық сақтау министрлігі бұл операция түріне қатысты кейбір қаулыларды өзгерткен сияқты.
Қазақстанда 2009 жылдан бері жыныс ауыстыруға ресми рұқсат етілген. Ол кезде Парламент бұл заң жобасын үндемей өткізіп жіберген. Заң қабылданып кеткеннен кейін үлкен дау-дамай басталды. Дін өкілдері ләм-мим демеді. Журналистер дәрігерлер, психолог сарапшылардан пікір алып, бір шулап басылды. Енді сарапшылардың жазғанын-айтқанын еске түсірсек.
Оқи отырыңыз: Ысыраппен той жасауды қойсақ, әнші де тәубеге келеді
Біріншіден, "жыныс ауыстыру операциясына рұқсат берген Орталық Азия аймағындағы алғашқы әрі жалғыз мұсылман елі – Қазақстан" деп жазды. Шешенстан, Татарстан, Орталық Азия, араб елдерінің сайттары мұны сынап, жарыса жазғаны есімізде. Әрине, "алғашқы", "тұңғыш", "бірінші" деген атақ қай салада болмасын бізге өте-мөте керек қой.
Екіншіден, дәрігерлердің айтуынша, жыныс ауыстыру операциясынан кейін адамның өмірі кемі 15-20 жылға күрт қысқарады екен. Себебі, органдардың табиғи функциясы бұзылады. Әйел болғысы келген еркек тестостерон гормонын тежеп отыратын әйел гормондарын ішеді. Еркек болғысы келген әйел керісінше күшейткіш гормон қабылдайды. Мұның бәрі денсаулыққа әсер етпей қоймайды.
Үшіншіден, статистика мәселесі. Жалпы, урологиялық институттарға он шақты жыл ішінде небары 12 адам операция жасатуға өтініш білдірген. 19 млн халықтың ішінде он жылда небары 12 адам жыныс ауыстырғысы келсе, бұл еліміздегі ең күйіп тұрған мәселе болғаны ма? Мәселенің "қордаланып", шешілмегені сондай, оларға арнайы заң да қабылдайды, қаулыны да өзгертеді!
Оқи отырыңыз: Қазақстанда үй алу оңай ма, әлде Түркияда ма?
Енді қараңыз, өткен жылы елімізде 35 мың адам қатерлі ісік індетіне шалдығыпты. Биыл 9 айда коронавирус жұқтырған 136 жүкті әйел дүниеден қайтты. Ендеше жүздеген, мыңдаған адамның тағдырына оң әсер ететін қаулылар мен заңдар қайда? Медицина үлкен проблемалармен айналысуы керек емес пе? Урология саласы психологиялық кілтипаны бар бірен-саран адаммен "басын қатырғанша", ерлер арасында белсіздік проблемасын неге шешпейді? Неге заңмен дәрігерлердің басын қатырып қояды?
Айтпақшы, операция жасатқан адамдар қазақстандық дәрігерлердің жыныс ауыстыруда тәжірибесі жоқтығын айтады. Мәселен, Таиланд елі бұл тұрғыдан әлемге әйгілі. Елімізде операция жасатқан адамдар кейін Таиландқа барып, сол елдің медицинасына арқа сүйеуге мәжбүр болған. Онда несіне елімізде мұндай ота жасатуға рұқсат берілген? Тыйым салынсын.
Дұрысы – адамдардың психикасын емдеу керек. Өкінішке қарай, елімізде жынысы жоқ балалар да туады. Қайбір жылы бір ана дәрігерлермен соттасты. Экологиядан ба, әлде жүктілік кезінде кездескен қиындықтардан ба, кім білсін, бала жыныссыз туған. Дәрігерлер одан ұл жасамақшы болған, бірақ, анасы "ана жүрегі алдамайды, қыздың қылықтары бар ғой" деп сотқа жүгінген.
Оқи отырыңыз: Алғы шепте жүрген журналистер жайын кім ойлайды?
Негізі, ислам дінінде жыныс ауыстыруға қатаң тыйым салынған. Себебі, сыртқы келбет ауысқанымен, еркек – еркек, әйел – әйел боп қалады. Үшінші жыныс жоқ. Бірақ, жынысы белгісіз сәбилерге операция жасауға рұқсат. Себебі, бұл ана денсаулығының, экологияның, тағы басқаның салдары. Оны медициналық тұрғыдан шешу керек. Ал жынысы белгілі еркектер мен әйелдер "өз денеме сыймай жүрмін" деп жыныс ауыстырғысы келсе, алдымен психолог, психотерапевтке баруы керек-ау. Қазір халық "көгілдірлер заңынан" да шаршаған. Әлеуметтік, экономикалық, медициналық мәселелер елімізде жетіп артылады.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🏃📱 Одному из участников ночного забега в Астане подарят iPhone 15 Pro
- 6214
- 0
- 18
-
2🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 3954
- 1
- 5
-
3🟢 Лицензирование детских садов введут в Казахстане с 2027 года
- 2390
- 3
- 18
-
4👨⚕️ Пациенту ампутировали ногу по вине врача: хирург избежал реального срока в ЗКО
- 2418
- 2
- 39
-
5🟢 Премию Михаила Дорофеева вручили основателю проекта Protenge Джамиле Маричевой
- 2464
- 0
- 8
-
6🟪 Ерлан Карин: Число вышедших из казахстанского гражданства с 2019 уменьшилось более чем в 16 раз
- 2356
- 6
- 103
-
7🛍Казахстанцы не стали реже запрашивать потребительские займы после введения новых ограничений по кредитованию
- 2470
- 0
- 9
-
8🌡Прогноз погоды на 21 ноября: метель и гололёд ожидаются на севере и востоке Казахстана
- 2610
- 0
- 5
-
9🆕🆕🆕🆕 Таразский университет использовали для фиктивной регистрации мигрантов
- 2352
- 1
- 16
-
10💬💬 "Мать была на работе..." О гибели четырёх детей при пожаре в Астане
- 2315
- 2
- 26