Елбасы өз сөзінде ең маңызды мәселелердің бірі – өзін өзі жұмыспен қамтушыларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту екенін атап өткен болатын.
Президенттің пікірі бойынша, табысынан ешқандай төлем жасамайтындар бар және олар зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамтылмаған.
Осыған байланысты қажетті заңнамалық өзгерістер жасалды.
"Өзін өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізу ұсынылады. Оны төлеу өзін өзі жұмыспен қамтушылардың медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, зейнетақымен қамсыздандыруға қатысуға мүмкіндік береді", –деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент бұл өзгерістердің 2018 жылдың соңына дейін қабылдануы керек екенін мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің ақпараты бойынша ұсыныс 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілмек.
Өзгерістер мен толықтырулар 3 кодекске (Салық, Кәсіпкерлік, Бюджет) және 6 Заңдарға ("Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы", "зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы") енгізіледі.
Осы мақсаттарға байланысты, Заң жобаның шеңберінде мыналар ұсынылады:
- Бірінші, бірыңғай жиынтық төлемін енгізу арқылы формалды емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.
- Екінші, "жұмыспен қамтылған" және "өзін-өзі жұмыспен қамтыған" бірыңғай анықтама, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халыққа жататын санаттар.
- Үшінші, әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңдарда төлеушілер санатын біріздендіру.
Бүгінгі таңда еліміздің заңнамасына сәйкес, бұл аударымдар барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады. Алайда халық арасында қызметін тіркемеген, еңбек келісімшарты жоқ немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер бар.
Олар бүгінде әлеуметтік, зейнетақылық қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандырудан қалыс. жарнаны төлейтін азаматтар барлық медициналық қызметтерді тегін алады. Себебі олардың шығындары медициналық қордың есебінен өтеледі. Ал жарнасы жоқ азаматтар, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер ақша шығарады. Міне, дәл осы жерде әлеуметтік әділетсіздік мәселесі туындайды. Біреулер басқалармен бірдей медициналық қызметті талап етеді. Бірақ, жарна аудармайды. Енді біреулер жарнаны аударып отырса да, басқалардың ешбір жарнасыз тегін медициналық қызметті талап еткеніне қарсы болады. Осылайша, халық арасында наразылық туындауы мүмкін. Осыған байланысты бірыңғай жиынтық төлемін енгізу бастамасы көтеріліп отыр.
Бірыңғай жиынтық төлем түрлі себеппен қорғансыз қалып отырған азаматтарымызды әлеуметтік қорғайды. Мұнда салық мөлшері азырақ, салық пен әлеуметтік төлемдерден тұратын бірыңғай төлем жасауға болады, салық бойынша есеп беру, салықтық тексерулер және әкімшілік жазалар болмайды.
Ауылдық елді мекендерде өмір сүретін халықтың жүктемесін азайту мақсатында, бұл төлемді ауыл тұрғындары үшін айлық есептік көрсеткіштің жартысына дейін қысқарту ұсынылған.
"БЖТ енгізу нәтижесінде формалды емес жұмыспен қамтылғандардан 500 мың адамның жұмысын формализациялау қарастырылған және патент пен жеңілдетілген декларация негізінде қолданыстағы салық режімдерінен 65,4 мың төлемшілердің ағымы күтіліп отыр", дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова.
2018 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық саны 8,6 млн адамды құрады, оның ішінде 6,5 млн адам жалдамалы жұмыскер, ал 2 063 мың адам өзін өзі жұмыспен қамтығандар.
Бірыңғай жиынтық төлем енгізгенде пайда болатын тәуекелдер мен қауіп-қатерлер
1. Бірыңғай жинақталған төлемді енгізу мақсаты – бірінші кезекте, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу.
Сонымен қатар, бұл төлем, ойымызша, бірнеше миллиард бюджетке түспей, көлеңкелі экономикаға кетуі мүмкін. Өздігінен жұмыс істейтіндер үшін нақты табысты жасыруға мүмкіндік береді.
Осындай даму сценарийін болдырмау үшін табыс мөлшері жазылған. Бірақ оның мінсіз орындалатынына сенімділік жоқ.
2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым көпшілігі Қазақстанның оңтүстік облыстарында: ОҚО (қазіргі Түркістан), Жамбыл, Қызылорда және Алматы қалаларына тиесілі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі орташа республикалық деңгейден жоғары және үнемі өсіп келе жатқандықтан, осы өңірлердің ЖІӨ-ге қосқан үлесі азаюда. Демек, егер осы үрдіс жалғаса берсе, бұл аймақтардың ЖІӨ-ге қосқан үлесі қайтадан төмендемейтін болады. Макроэкономикалық зардаптары мен төлемнің тәуекелдері есептелмеген.
3. Зерттеуге сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы төмен деңгейде. Олардың 30% кірістері 100 мың теңгеден асады, 53% – 30-100 мың теңге арасында. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 17% өз бизнесін дамытудың перспектива жоқ дейді.
Егер Астанада орташа жан басына шаққандағы табыс 145 мың теңге болса, ал Жамбыл облысында – 44 мың теңге.
Басқаша айтқанда, ЖІӨ жоғары деңгейі бар жергілікті билік органдары салықтың және салық салынатын базаның бір бөлігін жоғалтуы мүмкін. Осы мәселе бойынша олармен тиісті жұмыс пысықталмаған, оларда қандай да бір ұсыныстар жасамаған.
Тәуекелдерді басқару тетіктері болмаған кезде жергілікті бюджеттер кіріс салығының бір бөлігінен айырылып қалуы мүмкін.
4. Осы мəселені əзірлеу жəне халықпен талқылау барысында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы Оңтүстік Америка, атап айтқанда Аргентина, Бразилия жəне Колумбия елдерінің тәжірибелерін келтірді.
Біріншіден, Аргентина мен Бразилияның тәжірибесі бізге еш сәйкес келмейді. Мысалы, оларда қыс мезгілі мүлдем жоқ. Олардың тәжірибесін бізге қолдануға болмайды. Қазақстандықтар үшін аязды, боранды, суық қыс мезгілі жылу, энергетика, азық-түлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын шығынды ұлғайтады.
Екіншіден, халықтың саны мен өмір сапасының басқа да нормалары өзгереді. Бірыңғай жиынтық төлем оқымаған халықтың тығыздығы жоғары елдерде тиімді жұмыс істейді. Ал біздің халықтың білімі жоғары. Халық тығыздығы керісінше аз.
Үшіншіден, талдау барысында мынау анықталды. Бұл шара ұйымдасқан қылмысқа ұштасқан мемлекеттік басқарудың жемқорлық жүйесі қалыптасқан мемлекеттерде қолданылаған. Бұл көптеген Латын Америкасы елдерінің тәжірибесімен расталады.
Басқаша айтқанда, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізуді ұсынған кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанды ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар жемқорлықпен басқару жүйесі бар ел деп таныған ба?
5. Қазақстанда шамамен балаға қарап отырушы шамамен 70 мың айлық алады, енді 3 мың теңге салық төленуі керек. Шынымен 70 мыңға адам өмір сүре алады ма? Сонымен бірге бізде ең төмен күнкөріс деңгейі сақталған, ең төмен тұтынушылық қоржыны, жұмыссыздардың қатысуымен ең үлкен қылмыс деңгейі байқалып отыр.
Осы орайда, дамыған елдердің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы заңнамаларын біріктіріп, зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру қорларын біртұтас қылып, Бірыңғай ұлттық әлеуметтік полис әзірлеген дұрыс. Бірыңғай ұлттық әлеуметтік саясат арқылы бірыңғай ұлттық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін біріктіру керек.
Әлеуметтік полис – салық емес, бұл – ынталандыру. Сонымен қатар, үй шаруашылықтарының табыстары мен деңгейіне қарай жүзеге асырылуы тиіс. Содан кейін полис ұстаушылар (Қазақстан Республикасының барлық азаматтары) үй шаруашылықтарының қайсысының қай саясатқа қандай үлесін қосуы керектігін, сондай-ақ кепілдік берілген қызмет деңгейін қаншалықты таңдай алады?
Бұл – мемлекетпен келісімшарт. Бұл модель әлемнің барлық дамыған және демократиялық елдерінде жұмыс істейді.
Өкінішке қарай, Еңбек министрлігі ұсынған идея мен шаралар мемлекеттік басқарудың жемқорлық жүйесі бар елдерге тән үдеріс.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.