Журналист Ертай Нүсіпжанов ағылшын сайқымазағының күлкі үшін ойлап тапқан ақымақ әрекетінің шындыққа жанаспайтынын есі түзудің бәрі біледі деп есептейді.
Бораттың мақсаты елді дүрліктіріп, дүбірге дүрмек қосып хайп жасау еді. Қақпанына жемтіксіз түсіп бердік. Өзі "кәйп" боп жүр. Оның арзан күлкі үшін ойлап тапқан ақымақ әрекетінің шындыққа жанаспайтынын есі түзудің бәрі біледі.
Боратты қойшы, былжырай берсін. Сұрағым келгені, сонда сізше біз күлкілі ел емеспіз бе? Оның аспаннан алған өтірік сюжеттері ұнамаса, онда "шынайы оқиға желісімен" деп Қазақстанның күнделікті өміріне сүйеніп, оның келесі фильміне сценарий жазып берейік. Ол шамамен келесі оқиғалардан тұрсын:
- қазақ тілін дамыту үшін деп қазынадан қыруар ақша бөліп, бірақ, жоғарыдағылардың өздері мінберлерде беттері бүлк етпей орысша сайрап тұрсын;
- бір депутат ханым қазақтың әнұраны ойнағанда жүрегінің қайда орналасқанын білмей қалсын;
- күллі әлем індетпен айқасып, халық жанымен қайғы боп жатқан тұста бір әкім елді жинап алып, баласына тығылып той жасасын;
- "ұшақта, қоғамдық көлікте 1 метр ара қашықтық сақтаңыз" деп хабарлап, бірақ, жолаушыларды сығылыстырып отырғызып қорласын;
Оқи отырыңыз: Ел беделін түсірген Борат па, өзіміз бе? Сараптама
- қазақ тілінің сойылын соғып жүргендей боп көрінген қазақтар банкомат тілін орысша таңдасын;
- "әншілер неге фонограммамен айтады" деп күйіп-піскен бір қазақ сол әншіге қыруар ақша беріп тойына шақырып, фонограммамен 2 ән айтып бергені үшін өзін дүниедегі ең бақытты адам сияқты сезінсін;
- "пара алды" деп әлдекімді сөккендер жол ережесін бұзып, сосын МАИ қызметкеріне әкем, көкем деп пара берсін.
Қысқасы, мұндай шынайы оқиғалар желісі толып жатыр. Бірақ, мұндай фильмді көрген басқалар бұған күлер ме екен? Меніңше, бұл ыржақтайтын комедия емес, еңіреп тұрып жылайтын драма боп шығатын сияқты.
Сіз қалай ойлайсыз?
Популярное в нашем Telegram-канале
-
1❗️«Не пейте энергетики» - пациент после трансплантации сердца обратился к казахстанцам
-
2804
-
2
-
29
-
-
2⭕Более 30 тонн катодной меди украли из железнодорожного вагона в Карагандинской области
-
2770
-
2
-
21
-
-
3⚡️ Скончался заслуженный деятель Казахстана Нурлан Сегизбаев, сообщает министерство культуры и информации.
-
2422
-
4
-
75
-
-
4🗣 Проломил жене череп и размозжил лицо: осуждённого по делу Алтынай оставят в колонии-поселении
-
2553
-
3
-
49
-
-
5❄️ Прогноз погоды на 27 декабря: осадки ожидаются на юге страны, на севере и востоке – морозы
-
2389
-
0
-
2
-
-
6⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 25 декабря
-
2410
-
0
-
2
-
-
7😔 Скончалась звезда фильма «Москва слезам не верит» актриса Вера Алентова
-
2567
-
1
-
65
-
-
8🇬🇪✈️🇰🇿 Из Грузии экстрадировали бизнесмена, задолжавшего 1,3 млрд тенге налогов
-
2058
-
0
-
16
-
-
9⌨️В Казахстане утвердили новый Комплексный план по борьбе с наркобизнесом на 2026–2028 годы
-
2124
-
0
-
13
-
-
10⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 26 декабря
-
2154
-
0
-
3
-
lw-3094948329-4
USD:
509.5 / 514.5
EUR:
595.0 / 601.0
RUB:
6.43 / 6.55