Әлемде барша халық тарихи тұлғаларымен мақтанады. Біз де ешкімнен кем емеспіз. Ұрпақ тәрбиелеп, өткенді өнеге етуде орныққан дәстүріміз бар. Мемлекет басшысының өзі елге айрықша еңбек сіңірген, халық жадынан өшпейтін азаматтарды ұлықтаудың маңызды іс екеніне ерекше назар аударды.
Өкініштісі сол – бізде осы тапсырманы атқарушы биліктің кейбір құрылымдары, қайбір топ пен жекелеген жанашырлар келте түсінеді немесе шала-пұла орындайды. Көп жағдайда бірін-бірі қайталайтын көшірме сценарийлерден, көпірме сөзден, құттықтау қабылдаудан аса алмайды. Кейде кезекті шапан жабу, алғыс хат үлестіру акциясына ұқсап кетеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әлгіндей келеңсіздікке жол берілмегеніне куә болғандар да баршылық. Сонда Қаратай Тұрысов, Әбіш Кекілбайұлы, Салық Зиманов, Манаш Қозыбаев, Шерхан Мұртаза, басқа да қайраткерлер арғы-бергі тарихымызды түгендеп, елдігіміздің ұстынын күн сайын, сәт сайын бекемдеу жөнінде тереңінен ой қозғап, жиі айтатын.
Олар мінберге шыққанда әлеміш-жәлеміш дүние шетке ысырылып, сұрқайланып, түр-түсінен ажырап, босағадан аттай алмай қалатындай еді. Иә, кіл мемлекетшіл шешендер мен көсемдердің қайраты мен жігері сондай-тын! Елдің бүгіні мен ертеңін айтқанда кешегісін айналып өтпейтін. Не сөйлесе де шындықты алға тартатын. Әсіресе, мемлекеттік деңгейдегі мерейлі оқиғаларға, тарихи тұлғаларға байланысты Әбіш Кекілбайұлының әрбір ой толғамы алтын құймадай, әр сөзі жүрек көзін ашып, сананы сергітетін.
Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіні әдеп пен тәртіп тазартады
Бүгінде талай замандас соны естімегендей, естісе де естен шығарып алғандай күйге түскені қалай? Өнегелілерді көрген толқын қазір неге күмілжіп сөйлейді, неліктен құмыға береді?
Өздерін қоғам қайраткерлері санайтын және атайтын бәзбіреулер, қарақан басын тым жақсы көретін белсенділер ел мүддесін ұмытып, жеке топтардың әуеніне төңкеріле қалатыны қалай?
Жекелеген атқамінерлер әлеуметтік желіге тәуелді болғаны соншалық, солақай жазбагерлердің алдына түсіп жүгіретін халге жетті. Сонымен бірге тығылып жатып тас ататындар көбейді. Мұндай мінез-құлықты, психологияны өзгертпесе болмас.
Қоғамдық ұйымдар мен пікір алаңдарында осындай көкейкесті мәселелер ашық талқыланғаны жөн. Жоғарыда айтқандай, тарихи тұлғаларға арналған жиындардың маңызын арттыру үшін тиісті шешім, мемлекеттік сана қажет. Әйтпесе, қоғамға қозғау салатын пайдалы ойлар тұншығып, көмескілене бермек. Өйткені, тарихи датаны, мерейтойды формальды атап өту, науқаншылық елді тез жалықтырады. Қазіргі жастардың ондай іс-шараға қатысудан қашқақтап, бойын аулақ салуы жақсы ырым емес.
Оқи отырыңыз: Құттықтау, тойға шақыру, көңіл айту – телефонның мойнында
Жалпы, ұлықтау дегеніміз белгілі тұлғаларға ескерткіш қойып, ауылға, мекемеге, көшеге, аудиторияға атын берумен шектелмесе керек. Қатесі көп, сапасыз, арзанқол кітап, дәнегі аз, дерегі кем фильм шығару да емес. Сондықтан, мұндай жиындарды әзірлеу мен өткізуге сын көзбен қарап, қажет болғанда ұйымдастыру (кім болса да) жұмысына бұқаралық коммуникация құралдарында қоғамдық баға беруді енгізген дұрыс.
Біздіңше, кез келген шараның бірінші тәрбиелік мәніне ықылас қойған жөн. Тарихи тұлғаның, жеке адамның қайталанбас қасиеттері мен атқарған өнегелі ісін көпшілікке танытып, жеткізу жаңашылдықты, жан-жақты шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол кезекті жиын, жиналыс емес, есте қаларлық тағылымы мол, ұрпақтар сабақтастығын, дәстүрді жалғастыратын, қатысушыларды бірлікке үндейтін, жастарды рухтандырып, ертеңгі күнге сенімін арттыратын мемлекеттік іс-шара деңгейінде өткені жөн деп санаймыз.
(Жазба қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбайдың Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1✈️ Токаев поручил увеличить производство авиатоплива в Казахстане
-
3024
-
0
-
125
-
-
2💬 Аким Улытауской области назвал плюс скандального ляпа в журнале Scat
-
3176
-
4
-
37
-
-
3❗️ Землетрясение произошло в Алматы
-
2702
-
10
-
173
-
-
4⚡️ Алматинцы, кому пришло оповещение о землетрясении?
-
2765
-
27
-
106
-
-
5❗️Ещё 14 продуктов могут попасть в список социально значимых в Казахстане
-
2758
-
3
-
28
-
-
6🚫 Roblox заблокировали в России: регулятор заявил об угрозах для детей
-
2678
-
9
-
65
-
-
7🔖 Токаев поручил пересмотреть тарифную политику аэропортовых услуг
-
2930
-
0
-
107
-
-
8По данным МЧС, толчки ощущались в Алматинской, Жетысуской и Жамбылской областях.
-
2544
-
1
-
170
-
-
9🔖 Закон о запрете пропаганды ЛГБТ: сенаторы взяли время на доработку отдельных норм
-
2353
-
5
-
148
-
-
10🌡Прогноз погоды на 4 декабря: в Астане и 14 областях страны объявили штормовое предупреждение
-
2452
-
0
-
6
-
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59