Қазақстанның бас санитары Жанадарбек Бекшин қазіргі кезде Қытай мен Қазақстан арасындағы шекарадан кімдер өте алатынын хабарлады.
"Бүгін Қытайдан қазақстандықтардың соңғы легі оралып жатыр. Ертеңнен бастап шекара толықтай жабылады. Автобустар мен пойыздардың тоқтатылғанына біраз уақыт болды. Бұдан былай, шекарадан тек ресми делегация шенеуніктері мен жүктер ғана өткізілетін болады. Олар екі мемлекет те мұқият тексереді. Республикалық штаб шешіміне сәйкес, біз бақылау пункттерін қосымша тепловизорлармен жабдықтап жатырмыз", – деді ол.
Оқи отырыңыз: ДДСҰ коронавирустың өршуін төтенше жағдай деп таныды. Бұл нені білдіреді?
Жандарбек Бекшин, сондай-ақ, Ухань қаласынан келген қазақстандықтардың арасында коронавирусқа шалдыққандар жоқ екенін де хабарлады. Дегенмен, олар 14 күн бойы карантинде болады.
"Ухань қаласынан эвакуацияланғандардың 80-і – студенттер. Одан бөлек, Беларусь елінің 5, Арменияның 1, Қырғызстанның 18 азаматын қаладан алып шықтық. Олар бірден елдеріне ұшып кетті. Барлығы тексерістен өтті, температурасы қалыпты, жағдайлары қанағаттанарлық. Ешқандай шағым түскен жоқ. Олардың коронавирусқа шалдықпағаны зертханалық жолмен анықталды", – деді Бекшин.
Инфекцияның таралуына қатысты онлайн-картаның мәліметінше, қазірге дейін әлемнің 27 елінде 17 мың 485 адам коронавирусқа шалдыққан. Олардың ішінде 362-cі көз жұмып, 496 адам аурудан айыққан.
-
1📸 На платном участке трассы Шымкент – Тараз начали фиксировать нарушения средней скорости
-
3748
-
5
-
23
-
-
2🧑💻 36 человек отстранили за нарушения на мартовском ЕНТ в первую неделю
-
3278
-
0
-
13
-
-
3🏫❄️ Школьники не успевают писать СОЧи из-за отмены занятий: что говорят в Минпросвете
-
3277
-
2
-
13
-
-
4📹💬 За репост какой информации в соцсетях будут наказывать в Казахстане
-
2997
-
2
-
30
-
-
5🎫 Спектакль, соревнования и ИИ-аватар: как отметят первый день декады Наурызнама в Астане
-
2957
-
0
-
11
-
-
6👀 Йод: зачем он нужен организму и как распознать его дефицит
-
2950
-
1
-
8
-
-
7😱 Группа школьниц избила девятиклассницу в Таразе: наказание пока ограничилось штрафами и постановкой на учёт
-
3002
-
3
-
51
-
-
8👮♂️ Новые виды нарушений начали фиксировать камеры на дорогах Казахстана
-
2941
-
7
-
28
-
-
9💻 Школьников первой смены Астаны вновь отправили на дистанционку
-
2989
-
0
-
11
-
-
10🇨🇳 Китай принимает закон об "этническом единстве". Как он изменит контроль над меньшинствами?
-
2920
-
3
-
38
-
USD:
489.9 / 492.7
EUR:
561.0 / 566.0
RUB:
6.09 / 6.21
Комментарии
Пока нет комментариев…