Алматы кәсіпкерлер палатасында газбен жүретін көліктердің автотұраққа кіруіне тыйым салу мәселесі талқыланды.
"Бұл өзгерісті енгізерде нормативтік-құқықтық база толығымен зерттелмеген. Әлемдік тәжірибеде газбен жүретін автокөліктерге паркингтерге кіруге тыйым салынады. Бірақ рұқсат етілетін автотұрақтар да бар. Негізінен, мұндай көліктерге желдету жүйесі әлсіз, тозығы жеткен ғимараттардың тұрағына кіруге тыйым салынған", – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Бақыт Зайырқан.
Жаңа ереже 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енді. Газ баллонмен жабдықталған автокөліктерді арнайы белгімен белгілеп, оларға тұрғын үйлердің, сауда және ойын-сауық, сондай-ақ, бизнес орталықтардың паркингтерінде тұруға тыйым салынды. Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Алматыдағы сауда, ойын-сауық орталықтарында шамамен мұндай 120 жабық тұрақ бар.
Оқи отырыңыз: Шетелде тіркелген көліктер мәселесі қалай шешіледі? Бұл жағдайға кімдер кінәлі?
Палата өкілдері бұл шектеу салдарынан экологиялық ахуал нашарлайды деп күдік келтіреді. Ал көліктерді газбен жабдықтаушы компаниялар шығынға ұшырайды.
"Отандық автобус паркінің дизельді отыннан газға көшуі мотор отынына жұмсалатын шығындарды үнемдеуге оң әсер етеді. Ол 16,1 млрд теңгеден астам қаржы. Жыл сайын табиғи дизельді көліктерді газ баллонмен жабдықтау нәтижесінде ауаға бөлінетін парник газдары 340 мың тоннаға қысқарды", – деді Бақыт Зайырқан.
Оның мәліметінше, Алматыда жыл сайын атмосфераға 122 мың тонна зиянды заттар таралады. Олардың 65 пайызын автокөліктер бөледі.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері газбен жабдықталған көліктерге тек жер асты паркингтеріне кіруге тыйым салынғанын атап өтті. Себебі, мұндай жерлерде өрт шыққан жағдайда оны сөндіріп, адамдарды эвакуациялауда қиынға соғады.
"Біз бірінші кезекте қауіпсіздікке мән беріп отырмыз. Өйткені, көліктерді газ баллонымен жабдықтайтын ұйымдарға рұқсат беру жүйесі жоқ. Бұл фирмаларды бақылайтын техникалық қызмет көрсету жүйесі де, оларды бақылайтын органдар да жоқ. Яғни, кез-келген адам бұл шаруамен айналыса алады", – деді Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғау саласындағы апаттар тәуекелін төмендету және бақылау басқармасының бас маманы Айдар Сырымбетов.
Кеңес қорытындысы бойынша ортақ шешім қабылданбады. Тараптар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына арыздану туралы шешімге келді.
-
1🪿Массовая гибель птицы в селе Шаховское: ждать ли жителям компенсацию
-
2794
-
1
-
7
-
-
2По данным МЧС, толчки ощущались в Алматинской, Жетысуской и Жамбылской областях.
-
2672
-
1
-
170
-
-
3❗️ Землетрясение произошло в Алматы
-
2791
-
10
-
174
-
-
4⚡️ Алматинцы, кому пришло оповещение о землетрясении?
-
2847
-
27
-
108
-
-
5❗️Ещё 14 продуктов могут попасть в список социально значимых в Казахстане
-
2841
-
3
-
28
-
-
6🚫 Roblox заблокировали в России: регулятор заявил об угрозах для детей
-
2706
-
9
-
66
-
-
7📞 Открыта "горячая линия" для алматинцев
-
2408
-
1
-
5
-
-
8🔖 Закон о запрете пропаганды ЛГБТ: сенаторы взяли время на доработку отдельных норм
-
2427
-
5
-
149
-
-
9🥩 В Астане 6–7 декабря проведут мясную ярмарку «Соғым-FEST»
-
2432
-
1
-
20
-
-
10🌡Прогноз погоды на 4 декабря: в Астане и 14 областях страны объявили штормовое предупреждение
-
2511
-
0
-
6
-
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67