Тікелей эфир

Жұмыс істейтін қазақстандықтардың 42 пайызының ғана қолжетімді ипотекамен баспана алу мүмкіндігі бар. Жаңалықтарға шолу

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Қазақстанда мұғалімдерге тіл тигізген ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін. Демалыс және мереке күнгі ауа райы.

Тәуелсіздік күні қарсаңында 16-шы мамандандырылған ХҚКО орталығы Атырауда ашылды

Орталық автокөлік құралдарын тіркеу куәлігі мен мемлекеттік нөмір берумен, жолда жүру ережелері, автокөлік жүргізуден теориялық және тәжірибелік емтихандар қабылдаумен, жүргізушілік куәлік дайындап және берумен айналысады. Бұдан былай атыраулықтар да бір ғимаратқа барып, екі сағатың ішінде автокөліктерін тіркеп, жүргізушілік куәліктерін ала алады. Автокөлік иелеріне қызмет көрсету орталықтары енді еліміздің әр аймағында бар.

Қазақстанда мұғалімдерге тіл тигізгені үшін айыппұл салу мәселесі қарастырылып жатыр

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева хабарлады. Айтуынша, жаңа заң жобасының концепциясын талқылауға мұғалімдер де тартылатын болады. Осы мақсатта жобаның мәтіні алдағы дүйсенбіден бастап барлық мұғалімге WhatsApp жүйесі арқылы жіберіледі. Белгілісі, заңға сәйкес педагогтың ар-намысына тиген әр ата-ана әлеуметтік жауапкершілікке тартылады. Әзірге төленетін айыппұлдың сомасы белгісіз.

Самал Еслямова "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды

Бүгін Елбасы Н.Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан бірқатар азаматты марапаттады. Мелмекет басшысының қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын актриса С.Еслямовамен қатар "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ аға оқытушысы Ян Рудковский да алды. Сондай-ақ, бірқатар азаматқа "Барыс", "Парасат", "Даңқ", "Құрмет", "Еңбек даңқы", "Айбын" ордендері табысталды.

Алматының 2019 жылғы бюджеті 525,2 млрд теңге

Әкім Б.Байбектің айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттің 23%-ын жұмсау жоспарланып отыр. Ал, бюджеттің басым бөлігі (40%) әлеуметтік салаға бағытталады.

"Білім саласын дамытуға 123,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға көп. Оның ішінде 8 мектеп сейсмика жағынан жағдайы күшейтіледі, үш жаңа мектеп салынады.

Денсаулық сақтау саласының шығыны – 11,8 млрд теңге болады: 38 жедел жәрдем көлігі, 800 медициналық қондырғы сатылып алынады.

Әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек ретінде 6 млрд. теңге бөлінеді, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп", – дейді әкім.

Жұмыс істейтін қазақстандықтардың 42 пайызының ғана қолжетімді ипотекамен баспана алу мүмкіндігі бар

Бір бөлмелі пәтерді несиеге алу үшін айына кем дегенде 106,7 мың теңге жалақы алу керек екен. Статистика комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, қараша айында елімізде пәтердің шаршы метрі 265,7 мың теңгеден сатылған. Сәйкесінше, 35,5 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы 9,4 млн теңге болған.

Комитеттің мәліметінше, елімізде жұмыс істейтін азаматтардың 49,3%-ы 105 мыңнан төмен жалақы алады.

Елімізде дизель отыны бір жылдың ішінде шамамен 20 пайызға қымбаттапты

Жаздық дизель отыны – 22,4 пайызға, қыстығы – 23 пайызға қымбаттаған. Ал, жанармай бағасында аз ғана өзгеріс бар. Мысалы, АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы биыл 4,4%-ға арзандаған, 1 литрі 155 теңгеге сатылған. АИ-95/96-да 1%-ға литрі 176 теңгеге дейін арзандады. АИ-98 2%-ға, литрі 192 теңгеге дейін қымбаттады.

ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың айтуынша, елімізде жаңа жылға дейін жанармай бағасы көтерілмейді.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Қазақстан халқының саны 18,35 млн-нан асты. Ел халқының саны 2018 жылдың 1 қарашасында 18 млн 256,9 мың адамға жетіп, 2017 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда 239,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға көбейді. есепті кезеңде қала халқының саны 10 млн 312,8 мың адамды немесе жалпы халық санының 57,8 пайызын, ал ауыл халқы 7 млн 744 мың адамды немесе 42,2 пайызды құраған.

Baq.kz: Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады? Республика аумағы арқылы өтіп жатқан циклон өзімен бірге қар, бұрқасын, екпінді жел әкеледі. Республиканың батысында қардың жаууына себеп болған бұлттар шығысқа қарай ығысады. Олардың Қазақстан аумағы бойынша жылжуымен бірге қар жауып, бұрқасындатаады, жел қатты соғады, республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Мереке күндері тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуына және антициклонның жылжуына байланысты республиканың көптеген облыстарында күн суытады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары