Тікелей эфир

"Жүгіруге ешуақыт кеш емес". Денсаулық елшісі Марат Жыланбаевтың кеңесі

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Жүгіру – денсаулық сақтау, артық салмақ тастау және таза ауада көп уақыт өткізу үшін таптырмайтын әдіс.

Материалды Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұсынды.

Марат Жыланбаев – әлемнің жеті дүркін рекордсмені, барлық шөлейттерден жүгіріп өткен ғаламшардағы жалғыз адам. Атақты спортсмен жаңадан бастаушыға қалай жүгіру керектігі туралы өмірлік маңызы бар кеңестермен бөлісті.


Марат Жыланбаев

Марат Жыланбаев / Фото vlast.kz сайтынан алынды


  • Жүгіру денені ширатудан басталады. Өйткені, бұл ағзаны, жүрек-қантамыр жүйесін үлкен стресске ұшыратады. Денені ширату 15-20 минуттан кем болмауы тиіс.
  • Алғашқы айда бұлшықет пен буындарыңызды үйде дайындап алуыңыз қажет. Ол үшінқолға, белге, тізеге және өкшеге арналған түрлі жаттығулар жасаған пайдалы.
  • Өкшеңізді шынықтырыңыз, үйде жалаңаяқ жүріңіз және көшеде жаяу (тез адымдап) жүріңіз. Үнемі арақашықтықты арттырып тұрыңыз.
  • Дайындалмаған ағза үшін күн сайынғы шынықтырулар үлкен стресс болып табылатындықтан, жаңадан бастаушы демалудың да жаттығу сияқты маңызы болатынын есінде ұстағаны жөн.
  • Аптасына 3-4 рет жүгіру ағзаның қалыпқа келуіне жағдай жасайды. Ол шамадан тыс жаттығудан гөрі әлдеқайда жоғары нәтижеге жеткізеді.
  • Өзіңізге ыңғайлы жүгіру жылдамдығын таңдағаныңыз маңызды. Ол жаңадан бастаушылар үшін 6-8 км/сағат болуы тиіс. 120-130 айналасындағы пульспен жүгіруге тырысыңыз, бұдан төмен пульспен жүгіру әсер бермейді.
  • Ұзақ жүгіргеннен кейін негізінен созудан, сермеу жаттығуларынан тұратын үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Созу сіңірдің, буындардың қозғалғыштығын арттырады және тірек-қимыл аппараты жүктемесін қосымша арттыратын қор құрады.
  • Жүгіруден кейін душ қабылдаған абзал. Жылы душ ширыққан бұлшықетті босаңдатуға, теріні сергітуге және тонусқа келтіруге көмектеседі. Барлық температуралардың пайдасы бірдей еместігін ұмытпаңыз, мысалы, жүгіруден келе салып салқын душ қабылдау зиян тигізуі мүмкін.
Серіктестер жаңалықтары