Тікелей эфир

Жанардан кетсе де, жүрегімізде мәңгі қалады

Фото depositphotos.com
Фото depositphotos.com
Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері қауіпті вируспен күресте көз жұмған әріптестерінің рухына тағзым етті.

Құрметті қазақстандықтар!

Әлеуметтік желіде президентіміз жариялаған жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус құрбандарын еске алу бойынша біздің әріптестеріміздің үнсіздік акциясы кеңінен таралды. Бұл іс-әрекетті сынға алып жатқан кейбір азаматтарымыз да бар.

Осы орайда Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері ұжымының атынан ресми түрде мәлімдеймін. Аталмыш шара Ұлттық медициналық ассоциациясының төрайымы Садықова Айжан Бегайдарқызының барша медицина қызметкерлеріне тастаған үндеуін қолдау мақсатында, сұм індетпен күресіп, көз жұмған барша әріптестеріміздің рухына тағзым ету үшін жасаған біздің ортақ шешіміміз.

Аты жаман аурумен арпалысып ортамыздан кеткен қаншама маманнан, әріптес-достан, қызметтес жолдастарымыздан айырылдық. Көз алдымыздан кетсе де, жүрегімізде қалды. Сондықтан да, аза тұту күні олардың рухына тағзым етіп, еске алуды өзіміздің әріптестік парызымыз деп білеміз. Олардың әрбірі осындай құрметке лайық деп санаймыз.

Өз кезегімде бұл шараны ұйымдастыруға жергілікті әкімдіктің де, орталық билік орындарының да ешқандай қатысы жоқ екенін жеткіземін.

Құрметпен,

Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері

Болат Сағымбеков

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары