Тікелей эфир

Жаңалықтарға шолу: 04.10.2018

informburo.kz
informburo.kz
Пайызсыз ипотеканы кімдер ала алады? 1200 ауылға интернет тартылады.

Рейтингі ең төмен ЖОО анықталды

Рейтингте Азия университеті 25-ші рет, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 23-ші рет ең төменнен орын алған. Бұл тізімде жеті рет өткізілген рейтингтің жетеуінде де соңғы орыннан шықпаған Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университеті тағы бар.

"Al Hilal" банкі халал ипотека бере бастады

Ислам ипотекасын әзірге Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары ала алады. Бұл аймақ тұрғындары діни сеніміне қарамастан банк ұсынған ипотекамен баспана, сондай-ақ бұрын алған ипотеканы қайта қаржыландырады. Басты ерекшелігі – пайыздық мөлшерлемесі жоқ, шариғатта бұған тыйым салынған. Бұған қоса қолайлы төлем жасау тәсілі бар. Қаржыландыру барысында тең төлем жасау қарастырылған, алайда дәстүрлі банктерге тән артық төлем болмайды.

Астанада жылу маусымы қашан басталады?

Әкімдік қалаға жылу беруге 100% дайынбыз деп хабарлады. Орташа сыртқы ауа температурасы +10°С төмен түскенде немесе бес тәулік бойы сақталып тұрса, жылу беруді бастайды. Бүгінге дейін 18 денсаулық сақтау нысанына, 72 балабақшаға, 11 оқу орнына, 16 мектепке жылу берілген.

Елбасының халыққа Жолдауы 5 қазанда

Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері сөз болады. Бұған дейінгі жолдау 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған, онда ел дамуының 10 басым бағыты айқындалды.

Ауылдарды интернетке қосуға 60 млрд қаржы жұмсалады

Жоба аясында 2,4 млн адам тұратын 1249 ауылға интернет тартылады. "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қ.Есекеевтің айтуынша, интернеттің сапасы қаладан кем түспейді. Бағасы жағынан да айырмашылық болмайды. Жұмысты биыл бастап, үш жылдың ішінде бітіру жоспары бар.

Астанада менингококк инфекциясымен ауырған ер адам тіркелді

Ол Елордаға Жезқазғаннан келіпті. "1 қазан күні ауруханаға жеткізілген, қазір жағдайы жақсы" деп қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің жетекшісі С.Байғабылов хабарлады.

Доллар бір тәулікте екі теңгеге қымбаттады

Қазақстандық фонд биржасының таңертеңгілік сессиясында АҚШ валютасы 366,57 теңгеге сатылды. Валюта айырбастау бекеттерінде бүгін долларды 365-366 теңгеге сатып алып, 367,5-368 теңгеге сатып жатыр.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

"Алдағы демалыс күндері Астанаға Қарағанды мен Қызылорда облыстары мың тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімін әкеледі" деп хабарлайды Baq.kz. Жәрмеңке "Қазақстан" спорт кешенінің жанында жұмыс жасайды. Жәрмеңкеде бауырсақ және қымыз фестивалі өтеді,сондай-ақ, облыстардың шығармашылық ұжымдары концерт қояды.

"Алматыда "Іле Алатау паркі" басшылығы Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың тазалық бастамасын қолдады" деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінде Алма Арасанда 3 техникалық жұмысшы және 13 орманшы – тазалық үшін жауапты. Ал парктің территориясы 26 692 гектар екенін ескерсек, әр жұмысшыға 1 670 га аумақ тапсырылады. Ол сол жерде тазалау айналысады. "Алайда, тазалық ластамайтын жерде сақталады. сондықтан, кез-келген адам тазалықты сақтаса жақсы болар еді" деді парк басшылығы.



Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары