Мемлекеттік герб жаңарады

Рәміздегі "Қазақстан" сөзі 1-ші қарашадан бастап "Qazaqstan" деп латын әрпімен жазылады.

Индонезиядағы жер сілкінісі: 1200 адам зардап шекті

Қуаты 7,4 балға жеткен Сулавеси аралындағы жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендер саны әлі де көбеюде. "Мұндағы табиғат апатынан жапа шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ" деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі. Н.Ә.Назарбаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Астанада футбол добы түріндегі аялдама пайда болды

Өзгеше аялдама Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионның жанында орналасқан. Қақпасы бар футбол добы сияқты аялдамадан автобусыңызды жіберіп алмаңыз деп ескертеді "Сарыарқа" ауданы әкімінің баспасөз бөлімі. Халық сенімінен шықпаған жылы аялдамалардың орнына енді Астанада желден қорғайтын жаңасы пайда болады екен.

Жеке сот орындаушылар палатасын басқаруға талас жалғасуда

Тартыс 2018 жылдың ақпанында экс төраға Сергей Ли қызметінен кеткеннен кейін басталды. 11 шілдеде бұл орынға Ирак Елекеев сайланған болатын. Алайда бес күннен соң Әділет Министрлігі И.Елекеевті заңсыз сайланды деп хабарлап, Палата төрағалығына Құлахмет Бекетовты отырғызды. Бірақ оған И.Елекеев бастаған сот орындаушылар келіспеді. Араға үш ай салып 27 қыркүйекте өткен съезде тағы жаңа басшы сайланды. Қ.Бекетовтың орнын Ернар Ибраев алмастырды.

Қарашығанақ дауы: консорциум 1,7 млрд доллар өтемақы төлейді

Үкіметі пен Қарашығанақ консорциумының (KPO) өнімді бөлуде тараптардың үлесі бойынша келіспеушіліктеріне нүкте қойылды. Дауды реттеудің ақшалай құны 1,7 млрд АҚШ долларын құрайды. Жуырда бұл соманың 1,3 млрд доллары мемлекетке аударылатын болады деп Энергетика Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда 500-ден аса үйде екі күн газ болмайды

"2-3 қазанда Назарбаев даңғылының бойынан Жансүгіров көшесіне дейін темір жол арқылы газ құбыры өткізіледі. Осыған орай Тобаяқов – Сейфуллин – Жансүгіров – Дарвин көшелеріндегі жеке сектордағы 517 үйдің газы уақытша өшіріледі", – деп хабарлады "Алматы" АҚ "Интергаз Орталық Азия" магистральді газ құбыры басқармасы.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ұшақтарға арналған жанармайдың бірінші партиясын шығарды

Зауыт қазаннан бастап жаңа өнімді тұрақты шығаруға көшеді. РТ маркалы жанармайдың тауарға тиісті ПИН-коды алынып, сертификатталды. Енді әуе компаниялары жанармайды сатып ала алады.

Қазақстанның өзге БАҚ-ы не жазды?

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Биыл осы мерекеге орай еліміздегі Ардагерлер ұйымы "Қарттарым – асыл қазынам" атты қайырымдылық акциясына шақыратын үндеу жариялап отыр деп жазады "еgemen.kz". Үндеуде көмекке мұқтаж қарттарымызды жастар болып қамқорлыққа алу жайлы айтылады.
"WhatsApp"-та балаларды ұрлауға қатысты тараған тараған ақпарат шындыққа сәйкеспейді. ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жуапкершілік қарастырылғанын ескертеді деп хабарлайды baq.kz.




Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter