Тікелей эфир

"Өзенмұнайгаз" АҚ жұмысшыларымен кездесу

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының екінші күні, яғни 12 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының мұнайшыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Болат Бекжанов пен Рзабек Сарманов және қалалық сайлауалды штаб мүшесі Жеңісбек Сүлейменов "Өзенмұнайгаз" АҚ-на қарасты "ТрубРемЦентр" ЖШС-нде болып, құбыр цехының жұмысшыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Алдымен 2020 жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтылып, көптеген мәселелерге жекелей қарауға әрі адамның өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін маңызды екенін тағы бір мәрте аңғарумызға септігі тигенін жеткізді. Карантин шараларына қарамастан партия жұмыс жасауын тоқтатқан емес. Елбасы тапсырмасымен республика көлемінде "Birgemiz" акциясы жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша әлеуметтік әлсіз топқа жататын 7 санаттағы 28 304 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Одан бөлек жеке кәсіпкерлер, ерікті тұрғындардың көмегімен 10 мыңдай отбасыға азық-түлік салынған себеттер үлестірілді. Ел басына қиын-қыстау кезең туғанда халықпен бірге болған партия алдағы уақытта да мемлекетіміздің дамуы жолында бірге болуды нақты мақсат етіп қойып отыр. Осы орайда жиынға қатысушыларды партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.



Жиында сонымен қатар "Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қаласын дамытудың 7 басым бағыты таныстырылды. Құжатта қаладағы жұмыссыздық мәселесі басты назарға алынып, қала халқы жұмыспен қамтылуы үшін жаңа жұмыс орындарын құру, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау көзделуде. Кен өндіру өнеркәсібін одан әрі дамыта отырып, өңдеу өнеркәсібіне, көлік пен логистикаға, агроөнеркәсіптік кешен мен туризмді дамытуға басымдық берілмек. Партия Жаңаөзен қаласының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүзеге асырылатын жобалардың іске асуына ықпал жасап, соның ішінде мұнай қалдығынан мазут топырағын тазалау жобасын, жаңа газ өңдеу зауытын салу, арматура цехын құру, шиналарды қайта өңдеу цехын құруды қамтамасыз етеді.

Сайлауалды бағдарламада бұдан бөлек қаланы дамытуға арналған басқа да салалар бойынша негізге алынған жұмыстар баяндалып, қатысушылардың пікірлері, сауалдары тыңдалды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкері Нұржан Жоламанов Шоғы батыр даңғылындағы жарық мәселесі мен "Мерей" және "Жұлдыз" шағынауданында ғаламтор жылдамдығы нашар екенін жеткізді. Дариға Ұзақбаева "Ақсу" шағынауданы 8-9 көшелерге қойылған қоқыс жәшіктері уақытылы жиналмайтынын айтса, Асқар Маханов "Өркен" шағынауданда ғаламтор желісінің жылдамдығы нашар екені туралы, ал Гүлмира Тілепова "Бостандық" шағынауданында суағарларды реттеу, ойын алаңшаларын жандандыру, тротуар салу ұсыныстарын айтты. Аталған мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар сұрақтарды тиісті мекемелерге жеткізіп, хат жіберіп, бақылауға алатындарын мәлім етті.

"Nur Otan" партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары