Статистика Covid-19
в Казахстане:
Заразились:
171 232
Выздоровели:
155 397
Умерли:
2 431 (20.01.2021)
Коронавирусная
пневмония:
Заразились:
46 984
Выздоровели:
34 805
Умерли:
545 (20.01.2021)

Жаңа жылға сыйлықтарды онлайн алу: акциялар мен жеңілдіктер топтамасы

Жыл соңында компаниялар мен интернет дүкендері акциялар өткізіп, тауарлар бағасын төмендетеді.

Жаңа жыл қарсаңында адамдар сыйлық алып, жақындарын қуантуға асығады. Қазіргі заманда кез келген затқа онлайн тапсырыс беріп, тиісті мекен-жайға дейін жеткізіп алуға болады. Коронавирус пандемиясы үйге жеткізу қызметі дұрыс шешім екенін көрсетті. Уақыт та, артық күш те жұмсалмайды. Қауіпсіз. Оған қоса компаниялар, дүкендер жаңа жылдық акциялар, жеңілдіктер мен ұтыстар ұйымдастырады. Осы орайда Informburo.kz карантин жағдайында жаңа жылға сыйлықтарды қалай және қайдан онлайн алуға болатынын және қандай акция, жеңілдіктер барын анықтады. 

"Жаңа жылдық акция 0-0-24"

Акцияны ұйымдастырушы: Kaspi.kz дүкені 

Шарты: Kaspi.kz интернет дүкенінде тауар құнын 12 айға дейін бөліп төлеу арқылы комиссиясыз, пайызсыз және артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Яғни сатып алған заттың бағасын ғана төлеп, артық шығынданбайсыз. Ол үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасына немесе сайтына кіріп, акцияға қатысып жатқан тауарлардың бірін таңдап тапсырыс бересіз. Көп жағдайда жеткізу қызметі тегін және әр сатып алған тауар үшін 10% бонус беріледі.

Акция мерзімі: 14-31 желтоқсан аралығы.


"Жаңа жылдық әшекейлерді бөліп төлеуге алу және 20% кэшбэк"

Акцияны ұйымдастырушы: Технодом дүкені 

Шарты: Технодом интернет дүкенінде жаңа жылдық әшекейді таңдап, 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеуге болады. 10 000 теңгеден астам сомаға онлайн сауда жасасаңыз жеткізу тегін.

Сондай-ақ, смартфон,планшет не телевизор алсаңыз 15% кэшбэк беріледі. 

Акция мерзімі: 28 желтоқсанға дейін.


"Техниканы сатып алғаны үшін 50% кэшбэк"

Акцияны ұйымдастырушы: METRO сауда орталығы

Шарты: Метро сауда орталықтарынан техниканы сатып алсаңыз Метро картаға 50% кэшбэк жазылады. Яғни тауар сомасының жартысы қалтаңызда қалады. Тауарлардың саны шектеулі. Картаға түскен бонуспен жасаған саудаңыздың 90% құнын төлеуге болады. Метро кәсіби клиенттеріне жеткізу қызметін ұсынады.   

Акция мерзімі: 31 желтоқсанға дейін.


"Жаңа жылдық 11 ғажайып"

Акцияны ұйымдастырушы: Эврика гипермаркеттер желісі

Шарты: Evrika дүкендерінен немесе сайтынан 15 қаңтарға дейін тауар сатып алып, Нұр-Сұлтандағы пәтерді, 10 Hyundai Accent автокөлігінің бірін және көптеген тұрмыстық техника мен электрониканың иесі болуға болады. Ол үшін кемінде 50 000 теңгеге сауда жасау керек. Неғұрлым көп сатып алсаңыз соғұрлым ұтып алу мүмкіндігі жоғары. 

Акция мерзімі: 10 қараша – 15 қаңтар аралығы.

Толығырақ осы жерден білуге болады.


Infinity QX50 автомобилінің ұтыс ойыны

Акцияны ұйымдастырушы: Magnum сауда желісі

Шарты: Magnum сауда желісін 5 000 теңгеден астам сомаға сауда жасап, VISA картасымен төлеңіз. Автомобиль ұтысы ойынына қатысу үшін Magnum Club картасы болуы керек. 2021 жылдың 20 қаңтарында сандарды электронды генерациялау арқылы (рандом) арқылы Infinity QX50 автомобилін ұтқан адам анықталады.  

Акция мерзімі: 15 желтоқсан – 15 қаңтар аралығы.

Толығырақ осы жерден білуге болады.

Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Петропавлда және Шымкентте Magnum Go қосымшасы арқылы жеткізу қызметі қолжетімді. Жеткізу құны – 4 000 теңге. 23 қараша мен 27 желтоқсан аралығында тек Magnum Go-да Жаңа жылдық 1+1 акциясы өтеді. Акцияға қатысатын тауарды сатып алсаңыз, екіншісісі – 1 теңге.

Толығырақ осында.


"Coca-Cola жаңажылдық акциясы"

Акцияны ұйымдастырушы: "Кока-Кола Алматы Боттлерс"

Шарты: Акцияға қатысу үшін "Кока-Кола Алматы Боттлерс" өндірген күміс түсті пластик арнайы қақпағы бар 1,75 литр немесе 2 литр пластик шөлмектегі "Coca-Cola Classic", 1,5 литр немесе 1,75 литр "Қантсыз Coca-Cola", 1,75 литр немесе 2 литр "Fanta" Апельсин немесе "Sprite" алкогольсіз сусынын сатып алу қажет. Қақпақтың астындағы көрсетілген кодты promo.coca-cola.kz веб-сайтында немесе 3142 нөміріне СМС жіберу арқылы тіркей аласыз. Жүлделер:

  • апта сайынғы жүлделер – 100 дана ноутбук пен 100 дана планшет;
  • 100 теңге сомасына мобильдік теңгерімді толтыру (500 000 жүлде);
  • 200 теңге сомасына мобильдік теңгерімді толтыру (200 000 жүлде);
  • 500 теңге сомасында (10 000 жүлде) және 1 000 теңге сомасына (5 000 жүлде)мобильді теңгерімді толтыру;
  • 9 389 993 жүлде Ivi-ға 1 айға тегін жазылым, 2 000 000 жүлде 3 айға тегін жазылым, 20 000 жүлде IVI-ға 6 айға тегін жазылым және 5 000 жүлде 12 айға тегін жазылым.

Акция мерзімі: 9 қараша – 31 қаңтар аралығы.

Промо-акция ережесі туралы толғырақ осы жерден білуге болады.


"0-0-24 бөліп төлеу"

Акцияны ұйымдастырушы: Sulpak дүкені 

Шарты: Sulpak.kz интернет дүкенінде тауарды алдын ала төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Ол үшін тауарды таңдап, тапсырыс бересіз. Көп жағдайда жеткізу қызметі тегін. Акцияға Alfa Bank, Halyk Bank, Eurasian Bank және Home Kredit Bank қатысып жатыр.

Сондай-ақ Sulpak 5 мың теңгеден астам әрбір сатып алу үшін 30 мың теңге мөлшерінде Cash Back береді. Сыйлық кэшбэкімен тауар құнының 50% дейін төлей аласыз. Қалған соманы алдын ала төлемсіз және артық төлемсіз 24 айға бөліп төлеугеболады. 

Акция мерзімі: 31 желтоқсанға дейін.

Барлық ақпарат осында.


Онлайн дүкендер

Flip.kz интернет дүкені

Интернет дүкенде үйден шықпай-ақ үйге арналған заттар, электроника, кітап, кеңсе тауарлары, косметика мен ойыншықтарды сатып алуға болады. Мұнда жаңа жылды тойлауға арналған 7 мыңнан астам тауар бар. Қазақстанның 17 қаласында курерьлік жеткізу қызметі қолжетімді және ел бойынша 47 тауарды беру орынжайы жұмыс істейді. Тауарға онлайн тапсырыс бергенде немесе оны алған кезде де төлем жасауға болады.Flip.kz тапсырысты Қазақстанның барлық жеріне жеткізеді. 3 мың теңгеден астам сомаға сауда жасасаңыз курьерлік жеткізу тегін.

Тапсырыс құны 3 мың теңгеден аз болса жеткізу – 490 теңге. Курьерлік жеткізу жоқ жерлерге тауарлар Қазпоштамен жеткізіледі. 10 мың теңгеден астам сомаға тапсырыс жасасаңыз Қазпоштамен жеткізу тегін. 10 мың теңгеден аз болса Қазақстан бойынша жеткізу – 490 теңге. Жаңа жыл қарсаңыда flip интернет дүкенінде бірнеше тауарға жеіңлдіктер жүріп жатыр. Мысалы, тұрмыстық химиялық заттарға 45%-ға дейін, НордТекс үйге арналған тоқымаға 25%, Фолиант баспасының кітаптарына 20%, пайдалы тағам өнімдеріне 30% жеңілдік бар.


Arbuz.kz онлайн супермаркеті

Онлайн супермаркетте азық-түлік, пайдалы тағамдар, сусындар, тұрмыстық химиялық заттар, ойыншықтар, косметика, гигиеналық заттар, жануарлар тағамдарын сатып алуға болады. Әзірге Алматы, Нұр-Сұлтан тұрғындары тапсырыс бере алады. Сауда 7 мың теңгеден асса қала ішінде жеткізу тегін.

Menin Bópem акциясы арқылы балаларға арналған тауарларды жеңілдікпен алуға болады. Осы айдағы акциялар мен жеңілдіктерді мына сілтемеде.


Lamoda.kz

Lamoda – киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар мен косметика сатып алуға болатын қазақстандық онлайн дүкен. Каталогта 2 миллион тауар бар. Тауарлар әлемнің 80 елінен жеткізіледі. Қазіргі таңда қыстық коллекцияға 70%-ға дейін, аяқ киімдерге 75%-ға дейін жеңілдік жүріп жатыр. Онлайн дүкеннің жаңалықтарына жазылғандарға 10%-дық жеңілдік беріледі.

Lamoda Express Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Тараз,Теміртау, Өскемен, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Орал, Қостанай, Қызылордаға ең қысқа мерізмде жеткізсе, Lamoda Super Express Алматы және Нұр-Сұлтанда тапсырыс берген күннің ертеңіне жеткізеді. Қалған қалаларға жеткізу Қазпошта арқылы.