Жалған инвестициялық компаниялардың белгілері қандай?

Fingramota.kz жалған инвестицияларға алданбау және өзін "инвестициялық компания" ретінде көрсететін ұйымның лицензиясын тексеру жолдарын түсіндіреді.

2020 жылдан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жоғары кірістілік кепілдігіне уәде бере отырып, клиенттердің ақшасын инвестициялық мақсаттар үшін тартатын лицензияланбаған компаниялар бойынша 40-тан астам шағым мен өтініш келіп түкен.

Мұндай жалған инвестициялық компаниялар:

  • есептік тіркеуден өтпеген;
  • қаржы реттеушісінің лицензиясы жоқ;
  • көп жағдайда олар басқа елдерде немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген;
  • Қазақстан аумағында негізінен қашықтан, өкілдіктер мен филиалдар, не сенімхат бойынша өкілдер арқылы жұмыс істейді;
  • әлеуетті инвесторларды тарту тегін оқытудан өтуге және сараптамалық консультациялар алуға шақырады;
  • клиентке шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар жасау үшін жабық интернет-сервистерге, сауда платформаларына қашықтан кіру ұсынылады;
  • клиентке басқа инвесторлардың табысының, жоғары кірістілігі бар мәмілелерінің фейк оқиғалары көрсетіледі;
  • клиент "тапқан" кірісін алуға әрекет жасаған кезде ақшаны қайтарғаны үшін қосымша сыйақы талап ете отырып клиентке оның ақшасын қайтарудан жалтарады, не қандай да бір себептермен клиенттердің шоттарының негізсіз "күшін жояды".

Осындай псевдоинвестициялық ұйымдардың өз қызметтерін халық арасында әлеуметтік желілерде және мессенджердерде белсенді түрде жарнамалайтынын атап өткен жөн. Бұл ретте алаяқтар банктік салымдар бойынша сыйақының ағымдағы мөлшерлемелерінен көп асатын жоғары пайданы уәде еткенімен ықтимал тәуекелдер жайлы ақпаратты жария етпейді. Мұндай табысқа ешқандай нарықтық құралдар арқылы қол жеткізуге болмайды, сондықтан жалған брокерлер өздерінің уәделерін орындамайтынын түсіну қажет.

Fingramota.kz қызметін тек қана түсінікті және ашық құқықтық аяда жүзеге асыратын компаниялармен шарттық қатынастар жасауды ұсынады. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қаржы нарығында қызметпен айналысуға лицензиялары бар компаниялардың тізімі Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған.


Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: Қаржы пирамидалары тегін оқу ұсынып арбайды


Аталған компаниялардың қызметі ҚР заңнамасында қатаң түрде реттеледі. Агенттік бұл компаниялардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және тұтынушылардың құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді. Агенттік азаматтардың шағымдары келіп түскен компаниялардың тізбесін және интернет сайттарының мекенжайларын жариялап отырады.

Кез келген инвесторға өздерін "инвестициялық компаниялар" ретінде көрсететін ұйымдармен шарттық қатынастарға түскен кезде IOSCO Халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының хабарламаларымен және ескертулерімен танысқан жөн.

Қаржы құралдарымен сауда-саттық жасау әрдайым түрлі нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелдермен қатар жүретінін есте ұстау керек. Инвестор инвестициялық ұйыммен шарт жасап, оған өз қаражатын сеніп тапсырғанда жауапкершілік алып, барлық ықтимал тәуекелді дербес бағалауға тиіс.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары