Денис Теннің өліміне байланысты қылмыстық істі тергеу ақталды
Ішкі істер министрі Қ.Қасымов осылай деп мәлімдеді. Қазір материалдармен танысу процесі жүріп жатыр. Одан соң іс сотқа жолданады.
Қызылордада уақыт ауысуы мүмкін
Облыста желтоқсанда жергілікті уақыт 1 сағат кейінге шегерілетін болады. Үкімет шешімі әлі шыққан жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылдың 15 наурызында Қазақстанда жазғы және қысқы уақытқа көшу тоқтатылды. Бұдан соң Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарымен бір сағаттық белдеуде болып келген Қостанай және Қызылорда облыстарының уақыт өлшемі дағдылы уақытынан 1 сағат ілгері жылжытылды. Қызылордалықтар қысқы уақытта балаларының сабақтары тас қараңғыда басталатындығын айтып, Үкіметке дейін шағымданған.
Оралдық мұғалім 4 жылға сотталды
Полиция қызметкерлерінің киім үлгісі ауысады
Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың айтуынша, кеңселік үлгіде тігілген полицейлердің киімі өте ыңғайсыз. Еліміздегі климаттық жағдайға, жүріп-тұруға қолайлы жаңа форманы оларға отандық кәсіпкерлер тігіп береді.
Сот "Qazaq Banki" АҚ тарату туралы қаулы шығарды
Алматы экономикалық мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық банкінің өтінішін қанағаттандырды. Сот банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы қаулы шығарды. Бір айдың ішінде аппелияциялық шағым түспесе шешім заңды күшіне енеді.
Астанада тұрғын үйге заңсыз өтемақы алған әскерилер сотталды
Подполковник пен полковник шені бар әскери қызметкерлер 22,4 млн теңге көлемінде заңсыз өтемақы алған. Олар Астана қаласынан мемлекеттік бағдарламамен баспана алады. Біреуі қызметтік пәтерін екі аптадан соң анасына сыйға тартады. Екіншісі, сатып жібереді. Бұдан кейін әскерилер жалған анықтамамен тағы да қызметтік баспанаға өтініш беріп, 22,4 млн теңге көлеміндегі өтемақы сомасын шотына түсіріп алған.
Сот подполковникті ҚК 190 бабының 4 бөлімі 2 тармағы бойынша ("Алаяқтық бойынша бөтеннің мүлкін жымқыру") айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіптілігі орташа колонияда жазасын өтеп, мемлекетке 22,4 млн теңгені қайтарып береді. Ал, полковник 5 жылға шартты жазаға кесіліп, қызметтік шенінен айырылды.
Алматыда 200 жаңа автобус сатып алынды
ЛиАЗ және ПАЗ автобустары желдеткіш, бейнебақылай камераларымен жабдықталған, Евро-5 экологиялық класына сәйкес келеді. Жаңа көліктер қолданысқа біртіндеп шығарылады. Алматы әкімі Б.Байбек аялдамаларға орнатылған цифрлық таблолардың қымбатқа түсетінін айтады. Жолаушылар автобус бағыттарын смартфондарынан қарай алады дейді ол.
Жолаушы тасымалының сапасын арттыру мақсатында Алматы әкімдігі Талғар және Қаскелең қалаларына да жаңа автобустар шығаруды жоспарлар отыр.
Қазақстанның басқа БАҚ-ы не жазды:
Bnews.kz: Түркістанда алғашқы бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. "Қала күні" мерекесінің қарсаңында "Rixos Khadisha Turkestan" бес жұлдызды қонақ үйінің капсуласы салынып басталды. 120 орындық қонақ үй 3 гектар аумақты алады. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар ашылады. Жобаның жалпы құны – 10 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.
Inform.kz: 1,5 миллион қазақстандық тауарды интернет арқылы сатып алып жүр. Биылғы жылдың 9 айында Қазақстанда пошта және курьерлік қызмет көлемі 24,2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға көп. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы С.Сәрсенов қазіргі кезде интернет-дүкен ашу үшін сайт ашу жеткілікті дейді. Қазақстанда интернет арқылы сатып алушылардың саны 1,5 миллион адамға жетіпті.