Тікелей эфир

Үміткерлер педагогтерді Nur Otan сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Атырау қаласындағы бірқатар колледж қызметкерлері кандидаттарға өз ұсыныстарын жеткізді.

Атырау қалалық мәслихатына үміткер Қаршыға Жауымбаев, Гүлзейнеп Дүсіпова, Серболат Шораев, Бағит Шеркешбаева, Ілияс Қонысбай және Айжан Сәрсембаева Бизнес және құқық колледжінің мәжіліс залында ұстаздар қауымымен кездесу өткізді. Оған аталған колледж мамандарынан бөлек, "Жалын" бастауыш партия ұйымы мүшелері және Атырау политехникалық жоғары колледжі, Атырау аграрлық-техникалық колледжінің қызметкерлері де қатысты.

Кандидаттар үгіт-насихат жұмысын жүргізу аясында кездесуге қатысушыларды Nur Otan партиясының  Атырау қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Педагогтер қауымы партия мен оның үміткерлеріне қолдау көрсетіп, дауыс беруге қатысатындарын жеткізді. Сонымен бірге олар өз ұсыныс-пікірлерін де іркіп қалған жоқ. Айтар болсақ, Атырау қаласына іргелес орналасқан Контейнерный, Новостройка, Жұлдыз мекендеріне балалар алаңы керек екені сөз болды. Үміткерлер бұл мәселенің шешімін көп ұзамай табуына атсалысатындарын жеткізді.

"Бала біздің болашағымыз, ендеше сол бөбектерімізге бақытты балалық шақ сыйлау міндетін мойнымызға аламыз", – деді Атырау қалалық мәслихатына үміткер Айжан Сәрсембаева.

Жеңімпаздар қатарында болыңыз! Nur Otan партиясына дауыс беріңіз! 

Nur Otan партиясы Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары