Прямой эфир Новости спорта

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар байқауы жарияланды

Өтінімдер 2 шілде сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар бойынша конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды, деп хабарлайды Информбюро Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Гранттар азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында беріледі. Олардың қатарында қоғамда волонтерлікті тартуға және танымал етуге бағытталған алты жалпыұлттық "Birgemiz" жобасы және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша "Тарих ақтаңдақтары" жобасы бар.


Оқи отырыңыз: "Қазақстанда азаматтық қоғам бар деуге әлі ерте". Оның болашағы бар ма?


Байқауға ҮЕҰ дерекқорында бар ұйымдар қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 2 шілде сағат 18:30-ға дейін жалғасады.

Байқаудың тақырыптары мен толық шарттарымен осы жерден танысуға болады.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары