Түркия Google компаниясына айыппұл салды

Google компаниясына тиесілі Alphabet холдингіне салынған айыппұл көлемі – шамамен 36,65 миллион доллар.

Түркияның бәсекелестік жөніндегі кеңесі Google компаниясына тиесілі Alphabet холдингіне іздеу жүйесінде үстемдігін теріс мақсатта пайдаланғаны үшін шамамен 36,65 миллион доллар айыппұл салды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Реттеуші дерегінше, Google компаниясы іздеу жүйесінде үй бағаларын салыстыру бойынша өзінің қызметіне басымдық беріп, бәсекелестердің ұқсас қызметтерін ысырып тастаған.

Түркияның монополияға қарсы органдары Google компаниясына бәсекелестердің алты ай бойы қолайсыз жағдайға ұшырамауын қамтамасыз етуді және осы мәселе бойынша реттеушіге жыл сайын бес жыл бойы есеп беруді бұйырды. Google компаниясы Түркияның монополияға қарсы органдарымен жұмыс жасауға дайын екенін хабарлады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз