Тікелей эфир

Транзиттік жүк тәртібін бұзып, салығын жасырғандар ұсталды

Суретті ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Жұртшылықпен байланыс басқармасы жіберді
Суретті ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Жұртшылықпен байланыс басқармасы жіберді
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Жұртшылықпен байланыс басқармасы хабарлады.

Транзиттік тасымалдаушылар ұсталды

– Өткен аптада қырғызстандық бір компания Ресейге жеміс-жидектер жөнелткен болатын. Жүк көліктері Қазақстанға кірген кезде ел кеденшілері олардың көліктеріне бақылау үшін қолданылатын навигациялық құлып (пломба) қойған.

Алайда, олар жүктерін Ресейде емес, Қазақстанда сатып жатқан жерінен ұсталды, – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар.

Транзиттік жүк көліктеріне қойылатын навигациялық пломба Қазақстан шекарасына кіргенде қойылып, ел аумағынан шығар кезде алынып тасталады.

Оқи отырыңыз: ТМД елдері арасындағы кедендік мәселелер тезірек шешілетін болады

Қосымша құн салығын төлегісі келмеген

Олжас Отардың айтуынша, мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. Тәртіпке сәйкес, Кеден Одағына кіретін елдер бір-біріне зат жібергенде 12 пайыздық қосымша құн салығын төлеуі керек.

Ал қырғызстандық кәсіпкер осы қосымша құн салығынан жалтаруды ойлаған.


Навигация жүк көлігінің осында 2күннен бері тұрғанын көрсеткен

Навигация жүк көлігінің осында 2 күннен бері тұрғанын көрсеткен / Суретті ҚР Қаржы министрлі Жұртшылықпен байланыс басқармасы жіберді


– Қырғызстаннан келген тасымалдаушылардың құжаттарында жүкті Ресей Федерациясына апара жатқаны көрсетілген.

Алайда, тауар (алмұрт және алма) Нұр-сұлтан және Қарағанды қалаларының базарларында анықталды. Екі жағдайда да бір заңды тұлға жөнелтуші болып табылады, – деп толықтады Олжас Отар.

Бірінші жағдай Нұр-сұлтан қаласындағы "Шарын" базарында тіркелді. Навигациялық пломба мәлімделген бағыттан ауытқуы туралы сигнал берген. Жүк көлігі базар аумағында екі күн бойы қозғалыссыз тұрып, бұл туралы диспетчерлер ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті экспорттық бақылау басқармасы қызметкерлеріне хабарлады. Белгілі болғандай, көлік базарға 2019 жылы 31 қазан күні келген.

Екінші жағдай Қарағандыдағы "Шығыс" базарында анықталған. Ол бірінші жағдаймен толықтай ұқсас. Осы мәселе бойынша Қарағанды облысы бойынша қызметкерлерімен жұмыс жасағаннан кейін базар әкімшілігі өзіне қосымша құн салығын төлеу міндетін алған.


Мемлекеттік кіріс комитеті қызметкерлері барғанда навигациялық құлып ашылған және тауар сатылып жатқан

Мемлекеттік кіріс комитеті қызметкерлері барғанда, навигациялық құлып ашылған және тауар сатылып жатқан / Суретті ҚР Қаржы министрлі Жұртшылықпен байланыс басқармасы жіберді


– 2019 жылы 3 қарашада базарда транзиттік жүкті сату дерегі тіркелді.

Онда навигациялық пломбаның арқаны кесіліп, тіркеменің есігі ашылған. Пломбаның өзі шанақтың темір сейфінде болды. Шекарадан өткен кезінде көлікте 19,3 тонна жеміс болды. Астананың базарында табылған кезде 10 тоннадан астамы сатылып үлгерген екен, – деп мәлімдеді Олжас Отар.

Жүк көлік иесі не дейді?

Түсініктеме берген жүргізуші жол бойында көлік және тоңазытқыш бірнеше рет істен шыққанын айтты.

Бұл туралы ол тауар иесіне хабарлаған. Сонымен тауар иесінің шешімімен астаналық базарға барып, жемістерді сатуды ұсыныпты.

– Қазіргі уақытта Қарағандыдан келген тауардың иесі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша бөліміне түсініктеме беру және қосымша құн салығын төлеу үшін жіберіледі, – деді Олжас Отар.

Аталған екі жағдайда да Қырғыз Республикасынан бір заңды тұлға жөнелтуші болғанын атап өту керек.

Қандай жаза қолданылады?

  • Жалпы, аталған бұзушылықтар үшін жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 573-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келген.
  • Ал, зат, яғни тауар иесі сол затқа қатысты қосымша құн салығын төлеуі керек.

– Жалпы, биыл 9 айда 842 заң бұзушылық анықталып, тауарларды транзиттік тасымалдау кезінде 72,5 млн теңге айыппұл салынды, – дейді Олжас Отар.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары