Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты

Есенғали Раушанов 64 жасында өмірден өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

"Есенғали Әбдіжаппарұлы бірқатар газет-журналдарда қызмет етіп, рухани-мәдени саланың өркендеуіне үлес қосты. Ширек ғасырдай уақыт бойы "Жазушы" баспасының директоры болып, қазақ әдебиетінің құнды дүниелерінің жарыққа шығып, халыққа кең таралуы жолында мол еңбек сіңірді. Ақын ретінде қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Өр рухты өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Informburo.kz бүгін көрнекті ақын, жазушы Есенғали Раушановтың қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз