Тікелей эфир

Теміржол билетін қалай жеңілдікпен алуға болады?

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Қазақстанда ерекше балалар мен барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға елдегі әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша теміржол билетіне 50 пайыз жеңілдік бар.

Бұл үшін жолаушы "Мейірім" электронды дисконт картасына ие болуы шарт.

"Мейірім" картасын алу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасына баланың туу туралы куәлігі мен мүмкіндігі шектеулі екенін растайтын анықтаманы ұсыну қажет. Ал мүгедек ересек адам болса, жеке куәлігін өткізеді.

Картаның бағасы – 1 теңге. Рәсімделген кейін оны бірден қолдана беруге болады.

Оқи отырыңыз: Ұшақ билетін қалай тегін алуға болады? Керек кеңес

Жеңілдетілген билеттер Қазақстан темір жолы сайтында онлайн рәсімделеді. Карта бір жылға жарамды, одан әрі автоматты түрде ұзартылады.

Ескерту: "Мейірім" электронды дисконт картасымен пойыз билетіне жеңілдікті картаның иесіне ғана рәсімдеуге болады Сондай-ақ, бұл жеңілдік тек Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызды бағыттарда ғана жасалады. Бұл бағыттар тізімін осы жерден көруге болады.

Есте сақтаңыз: пойызға отырарда және жол жүргенде жеңілдетілген билет алған жолаушының жеке құжаты мен мүмкіндігі шектеулі екені туралы анықтаманың түпнұсқасы өзімен бірге болуы тиіс.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары