Тікелей эфир

Күйзеліс жұмыстан кетуге себеп пе? Психолог кеңесі

Психологтар жұмыстан кету жайында ой келгенде өзіңізге төмендегі 6 сұрақты қойып көруге кеңес береді.

Әрбір адам ерте ме, кеш пе, жасап жүрген жұмысының тиімділігі туралы әйтеуір бір ойланады. Егер сіз де жұмыс ауыстыру немесе жұмыссыздардың қатарына қосылу туралы ойланып жүрген болсаңыз, өзіңізге келесі сұрақтарды қойып көріңіз. 

1. Күйзеліске шалдығуымның себебі осы жұмыс па?

Ментальды денсаулыққа көп нәрсе әсер етеді, соның қатарында жұмыс та бар. Көңіліңізден шығатын жұмыстан кету күйзелістен емделуге қалай көмектесе алады? Ал егер жұмысыңызға бола ұйқыңыз бөлініп, уақытылы тамақтанбай жүрсеңіз, онда, расымен, шешім қабылдайтын уақыт келген шығар. 

2. Артық жұмыс жасаудан шаршаған шығарсыз?

Әр жұмыста белгіленген KPI бар. Бір күнде белгілі бір қоңырауға жауап беру керек немесе осыншама мақала жазу керек деген сияқты. Бір күніңізді саралап, өзіңізге жүктелген міндеттерді қаншалықты орындай алып жүргеніңіз туралы ойланып көріңіз. Бәлкім өзіңізге тиесілі емес жұмысты істеп жүрсіз? Ары қарай эмоционалдық тұрғыдан күйіп жүре беруге дайынсыз ба? Осы сұрақтардың жауабы дұрыс таңдау жасауға әсер етеді.


Оқи отырыңыз: WhatsApp құпиясы: Жойылған чатты қалай табуға болады?


 3. Жұмыстың шартын жақсырақ етіп өзгертуге бола ма?

Егер бұрыннан жұмыстан кеткіңіз келіп жүрген болса, өзіңізге не ұнамайтыны туралы басшыңызға айтып көрген шығарсыз? Егер мұны жасамаған болсаңыз, барлығы туралы ашық айтып көріңіз. Бұл жерде ұнамайтын факторларды өзгертуге болатыны туралы ойланып көрген жөн. Кеңседегі атмосфераны толық өзгерте алмайтыныңыз сөзсіз. Алайда өзіңіздің жұмыс кестеңіз бен жалақы көлеміне қатысты өзгеріс енгізе алуыңыз мүмкін. 

4. Еңбегіңіз дұрыс бағаланып жатыр ма?

Көп жағдайда жұмыстың барына шүкір деп жалақы туралы айтуға қорқамыз. Егер басшыңыздың орнында болсаңыз, өзіңізге қанша төлер едіңіз? Шынайы жауап таңдау жасауға көмектеседі. 


Оқи отырыңыз: Компьютердің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, не істеу керек?


5. Жұмыстан кетсем, не жоғалтамын?

Жұмыстың кемші тұстары туралы ойланып болған соң, оның артықшылықтарын жіпке тізіңіз. Егер жұмыстан шығып жатсаңыз, тұрақты жалақыдан ғана айырылып қалмайтыныңыз сөзсіз. Әріптестеріңізбен жылы қарым-қатынас, әрдайым түсіністік танытатын, сөзге келіп көрмеген басшыңыз, өзіңіз үйреніп қалған қым-қуат тіршілік және тағы басқа. Осының барлығынан бас тартуға дайынсыз ба? 

6. Жұмыстан кеткен соң қалай өмір сүресіз?

Өкінішке орай, көп адам бір жалақыдан екіншісіне дейін өмір сүреді. Егер сіз де осы азаматтардың қатарынан болсаңыз, "сақтандыру жастығы" туралы ойланатын уақыт келген шығар. Барлық қаражатыңызды есептеп, жұмыссыз қалсаңыз, қанша ай өмір сүре алатыныңызды есептеп көріңіз. Бәлкім бұл жұмыстан кетпес бұрын сізге жаңа жұмыс орнын табу керек шығар?

Серіктестер жаңалықтары