Киім этикеткасындағы белгілер нені білдіреді?

Киім заттаңбасында (этикетка) матасы, өлшемі, өндірілген елден бөлек оны қалай жуу, үтіктеу, ағарту, кептіру қажет екені көрсетіледі.

Киімнің ішкі жағында тігілетін заттаңбадағы белгілер киімді қалай дұрыс тазалау, жуу, кептіру, үтіктеу керек екені жөнінде мәлімет береді. Әр киімнің матасы әртүрлі болғандықтан әрқайсына жеке күтім қажет. Киіміңіз ұзағырақ кәдеге жарауы үшін заттаңбадағы белгілерге назар аудару керек. 

Кір жуу

Ең жоғарғы температура – 95°С. Қалыпты механикалық әсер. Қалыпты шаю. Қалыпты сығу.

Ең жоғарғы температура – 95°С. Механикалық әсер азайтылған. Кір температураның біртіндеп бәсеңдеуімен шаю. Кірді әлсіз сығу.

Ең жоғарғы температура – 70°С. Қалыпты механикалық әсер. Қалыпты шаю. Қалыпты сығу.

Ең жоғарғы температура – 60°С. Қалыпты механикалық әсер. Қалыпты шаю. Қалыпты сығу.

Ең жоғарғы температура – 60°С. Механикалық әсер азайтылған. Кірді температураның біртіндеп бәсеңдеуімен шаю. Кірді әлсіз сығу.

Ең жоғарғы температура – 50°С. Механикалық әсер азайтылған. Кірді температураның біртіндеп бәсеңдеуімен шаю. Әлсіз сығу.

Ең жоғарғы температура – 40°С. Қалыпты механикалық әсер. Қалыпты шаю. Қалыпты сығу.

Ең жоғарғы температура – 40°С. Механикалық әсер азайтылған. Кірді температураның біртіндеп бәсеңдеуімен шаю. Әлсіз сығу.

Ең жоғарғы температура – 40°С. Механикалық әсер қатты азайтылған. Қалыпты шаю. Қалыпты сығу. Қолмен сықпау.

Ең жоғарғы температура – 30°С. Механикалық әсер қатты азайтылған. Қалыпты кір шаю. Кірді әлсіз сығады.

Тек қолмен жуу. Кір жуу машинасын қолданбау. Ең жоғарғы температура – 40°С. Киімге мұқият қараңыз.

Мүлдем жумау. Ылғал кезде мұқият қараңыз.

Ағарту

Құрамында хлор бар заттармен ағартуға рұқсат етіледі. Ерітінді суық немесе сұйылтылған болуы керек.

  Ағартуға болмайды.

Үтіктеу

200°С-қа дейін жоғары температурада үтіктеу.

150°С-қа дейін орташа температурада үтіктеу.

110°С-қа дейін төмен температурада үтіктеу.

Үтіктеуге болмайды.

Химиялық тазалау

Кез келген еріткішті қолдануға болады.

Трихлорэтиленнен басқа кез келген еріткішті қолдануға болады.

Тек жұмсақ еріткіштерді қолдануға болады. 

Химиялық тазалауға тыйым салынады.

Кептіру

Барабанда орташа температурада кептіруге болады.

Барабанда төмен температурада кептіруге болады.

Барабанда кептіруге тыйым салынған.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары