USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Құрбан айтта қандай амалдар жасап, қай дұғалар мен сүрелерді оқу керек?

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Биыл Құрбан айт 27 мамырда басталады.

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін мейірім, сауап және жақсылық мерекесі. Бұл күндері айт намазын оқу, құрбан шалу, туысқандармен қауышу, мұқтажға көмектесу секілді ізгі амалдар жасалады. Сонымен қатар көпшілік "Құрбан айтта қандай дұғалар оқылады?", "Қандай сүрелер оқу керек?" деген сұраққа жауап іздейді. Осы материалда айт күндерінде орындалатын негізгі амалдар мен оқылатын дұға-сүрелерді жинақтадық.

Тәкбір ташриқ айту

"Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллалЛаһу уалЛаһу әкбар. Аллаһу әкбару уә лилЛәһил хамд".

Аудармасы: "Алла ұлық, Алла ұлық. Алладан өзге тәңір жоқ. Алла ұлық, Алла ұлық. Барлық мақтау Аллаға тән".

Айт намазын оқу

Айт намазына шығар алдында ғұсыл алып, таза әрі ұқыпты киініп, хош иіс себу – сүннет амалдардың бірі. Мешітке бара жатқан жолда тәкбір айтып барған абзал. Сондай-ақ, айт намазына бір жолмен барып, қайтарда басқа жолмен қайту құпталған амал саналады.

Айт намазы екі рәкаттан тұрады және жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды.

Имам "Екі рәкат Құрбан айт намазына ниет еттім" деп ниет етеді. Жамағат "Екі рәкат Құрбан айт намазына ниет еттім, ұйыдым имамға" деп ниет етеді. 

"Аллаһу әкбар" деп, ифтитах тәкбірі алынады. Қолдар байланып, имам мен жамағат бірге құпиялай "Субханака Аллаһумма" дұғасын оқиды:

"Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук".

Аудармасы: "Ия Алла! Сені кемшілік сипаттардан пәктаймын. Мақтауға лайықсың. Сенің есімің – Мүбарак, Дәрежең өте Жоғары. Сенен өзге құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ".

Одан кейін имам – жариялай, жамағат құпия түрде "Аллаһу әкбар" деп, үш рет тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Әрбір тәкбірдің арасында үш тәсбих айтылатындай сәт тұрады. Үшінші тәкбірден кейін қолдар байланып, имам "Әғузу" мен "Бисмиллаһты" құпиялай айтады:

"Әғузу биллаһи минаш шайтанир ражим, Бисмиллаһи рахмани рахим".

Аудармасы: "Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын, Рахман һәм Рахымды Алланың атымен бастаймын"

Одан кейін "Фатиха" сүресін оқиды:

"Әлхәмду лиллаһи раббил-әләмин, ар-рахмани-р-рахим, мәлики йауми-д-дин, иякә нағбуду уа ияка нәстағин, иһдина-с-сирата-л-мустақим, сирата-л-ләзинә, әнғамта ғалейһим ғайрил-мағзуби, ғалейһим уа ла-з-заллин".

Аудармасы: "Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейрімді. Қиямет күнінің иесі: Иә Алла! Саған ғана құлшылық қыламыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!"

Осыдан кейін бір сүрені жария оқиды. Мәселен, Ықылас сүресі оқылады:

"Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим". "Құл һуа аллаһу аһад, аллаһу-с-самад, ләм йалид уа ләм йулад уа ләм йакун лаһу куфуан ахад".

Аудармасы: "Ол Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес".

Осыдан кейін жариялай "Аллаһу әкбар" деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жамағат та құпиялай тәкбір алып, имамға ұйиды. Содан кейін екінші рәкатқа бастайды. Имам құпиялай "Бисмиллаһ", жариялай – "Фатиха", содан кейін қосымша сүре оқиды. Мысалы, "Асыр" сүресін оқуға болады:

"Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. Уәл’аср, иннәл инсәәнә ләфи хуср, илләлләзинә әәмәну уа амилус-саалихати уа тауасау билхаққи уа тауаасау биссабр".

Аудармасы: "Заманаға ант етемін. Бүкіл адам баласы зиянда. Бірақ, иман келтіріп, ізгі істер істегендер мен бір-біріне ақиқат пен сабырды үгіттескендер басқа".

Осыдан кейін осы жерде алғашқы рәкаттағыдай үш рет тәкбір алады. Бұдан кейін имам жариялай, жамағат құпия түрде "Аллаһу әкбар" деп, рүкүғ пен сәждеге барады. Одан кейін отырып, "Әт-тахият" дұғасын оқиды:

"Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ".

Аудармасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Сосын "Салауат" дұғасы оқылады:

"Аллаахуммә салли ьаләә Мұхаммәд. Уа ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә салләйтә ьаләә Ибраахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд. Аллаахуммә бәәрик ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә бәәрәктә ьәләә Ибрахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд".

Аудармасы: "Я, Алла! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән".

Кейін "Рәббәнә" дұғасы оқылып, екі жаққа сәлем беріледі:

"Раббәнәә әәтинәә фиддуния хасәнәтәу уә филәхирәти хасәнәтәу уә қинәә ьазәәбән-нәәр". 

Аудармасы: "Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!".

Құтпашы айт намазы аяқталған соң мінберге шығып, жұма намазындағыдай екі құтпа оқиды. Айт құтпаларында тәкбірмен басталып, жамағат та осы тәкбірге жайлап қосылады. 

Құрбан шалу

Құрбан айтта әр ақыл-есі сау, жолаушы емес, мал-дүниесі зекет беру мөлшеріне жететін мұсылман адам құрбан шалғаны жөн. Құрбандыққа түйе, қой, ешкі немесе сиыр шалуға болады. Түйе мен сиырды 7 адам бірлесіп шалуға да, бір адам жеке шала алады.

Құрбандыққа шалынатын малды сояр алдында оны құбылаға қарата жатқызып, келесі дұғаны оқу керек: 

"Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил аламина лә шәрика ләһ".

Мағынасы: "Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ".

Тағы "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд" деген дұғамен мал сойылады.

Бұл кезде құрбандыққа арналған малдың иесі "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" деген дұғаны айтады. Егерде бұл дұғаны әдейі оқымаған жағдайда құрбан етін жемейді. Себебі, Құдайдың аты айтылмай сойылған малдың еті харам болып саналады.

Сүннетке сәйкес құрбан етiн үшке бөлiп, бiр бөлiгiн мұқтаж жандарға, екiншi бөлiгiн туған-туыстарға немесе көршiлерге, ал қалған бөлiгiн өз отбасына алып қалуға болады.  

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз