Тікелей эфир

Алматыда 10 балл жер сілкінісіне төзімді тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазіргі таңда кешеннің бірінші кезеңінің тұрғындары пәтер кілтін алды.

Алматы қаласының Медеу ауданындағы жаңа полиорталықта Arman City тұрғын үй кешенінің 1-ші кезеңі қолданысқа берілді. Көпқабатты тұрғын үйдің басты ерекшелігі – 10 балдық жер сілкінісіне төзімділігі. Тұрғын үй аумағында қала әкімдігінің қолдауымен саябақ салынды. 

Жасыл кварталда орналасқан тұрғын үй кешенін салған Saba Group KZ құрылыс компаниясының хабарлауынша, жаңа аз қабатты тұрғын үй аумағында өзіндік саябақ, жаяу жүргінші бульвары, демалыс және ойын-сауық орындары бар.

"20 шілдеде тұрғындар пәтерлердің кілтін алып, жөндеу жұмыстарына кірісті. Тұрғын үйдің қасбеттеріне клинкерлі кірпіш қолдансақ, әрбір пәтерге газбен жабдықталған қазандықтар орнатылды. Ол жылу өндіріп, үйді ыстық сумен қамтамасыз етеді. Сәйкесінше, тұрғындар коммуналдық төлемдерді қаланың үйлеріне қарағанда азырақ төлейді", – деді компания директоры Алексей Рассказов.

Еске салайық, Алматы қаласында бүгінде сейсмикалық аудит жүргізуге дайындық жүріп жатыр. Сондай-ақ жаңадан пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің сейсмикалық төзімділігіне ерекше мән берілуде.

Серіктестер жаңалықтары