Тікелей эфир

Сексуалдық сипаттағы қылмыстарға жаңа бап енгізілуі мүмкін. Заң жобасын талдаймыз.

Дина Ли арнайы informburo.kz үшін
Дина Ли арнайы informburo.kz үшін
Қазақстанда сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны қалай тағайындау ұсынылып жатқанын зерттейміз.

Қазақстанда сексуалдық сипаттағы қылмыс үшін жазаны қатайтпақ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана зорлық, педофилия және жеке тұлғаға қарсы жасалған басқа да ауыр қылмыстарға жазаны қатайту тистігін мәлімдеді.

ҚР Парламенті депутаты, зорлық-зомбылық жазасын күшейту бойынша заң жобасын әзірлеуші Нұржан Әлтаев іnformburo.kz жаңалықтар порталына заңға қандай өзгеріс енізіліп жатқаны туралы айтып берді. Сондай-ақ біз талқылауға шығарылған заң жобасымен таныстық.

Оқи отырыңыз: Билік басындағы бір жыл. Президент Тоқаев қабылдаған маңызды шешімдер

Заң жобасында харассмент (сексуалдық сипаттағы қылмыс жасауға ұмтылу) үшін бөлек жаза тағайындау, сондай-ақ психикалық жағдайына қарамастан педофилдерге химиялық кастрация жасау ұсынылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабының 1-ші бөлімін, яғни зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау) ауыр санаттағы қылмысқа ауыстыру және тараптардың татуласу мүмкіндігін алып тастау жоспарланып отыр.

Қазақстанда сексуалдық сипаттағы қылмыстарға қатысты заңнамаға қандай өзгеріс енгізілетінін зерттеп көрейік.

№1. Адам зорлағаны үшін жазаны күшейту

Адам зорлағаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы) 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды. Қазір үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Егер адам зорлау ауыр жағдайда болса 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды. Қазір ол 10 жылдан 15 жылға дейін.

Ауырлататын жағдайлар:

  • Адам зорлау топтасқан адамдармен жасалса;
  • Жәбірленушінің өліміне әкелсе;
  • Жәбірленушінің денсаулығына ауыр нұқсан келтірілсе;
  • Жәбірленушіге АИТВ жұқса;
  • Зорлық төтенше жағдай шартында немесе жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болса.

№2. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жаза

ҚР Қылмыстық кодексінде "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" деп аталатын 121 бап бар. Оған дәстүрлі жыныстық қатынастан басқа кез келген зорлық әрекеттері жатқызылады. Заңда былай берілген: "Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер". Осы бап бойынша жазаны күшейтіп, бас бостандығынан айыру мерзімін 3 жылдан 7 жылға дейін тағайындау ұсынылып отыр. Қазір үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Егер зорлық ауыр жағдайда жасалса 7 жылдан 12 жылға дейін немесе зорлау жағдайына байланысты 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.

№3. Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегені үшін жаза

Жыныстық қатынасқа түсуге немесе сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін жазаны күшейту де ұсынылып жатыр (ҚР ҚК 123 бабы). Бұл психикалық қысым көрсету немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа түсуге немесе қандай ма бір зорлық әрекеттерін жасауға мәжбүрлеуге қатысты.

123 бап бойынга 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынын айыру ұсынылған. Қазіргі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекетке 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылған. Қазір заңда қылмыскер үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

№4. Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру

Жеткіншектерді зорлағаны, оларға қарсы сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер көрсеткені, жәбірлегені үшін қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау ұсынылып отыр. Қазіргі қолданыстағы заңда педофилдерге 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

№5. Педофилдерге химиялық кастрация жасау

Қазір қылмыскерге мұндай жаза психикалық жай-күйіне қарамастан қолданылады. Егер педофилге ділдік бұзылушылық диагнозы қойылса, немесе оның қылмыстық жауапкершілікті алып жүре алмайтыны анықталса оған кастрация жасалады.

Заң жобасын әзірлеушілер психикалық жағдайына қарамастан жеткіншектерге қарсы сексуалдық сипатта қылмыс жасаған қылмыскерлердің бәріне кастрация жасауды ұсынып отыр.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Уголовную статью за сексуальные домогательства хотят ввести в РК. Разбираем новый законопроект

№6. Ата-аналар, қамқоршылар мен педагогтарға қатаңырақ жаза тағайындау

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда балаларға зорлық көрсететіндердің 77 пайызы – оның өз жақындары. Заң жобасында балаларға қатысты сексуалдық сипатта қылмыс жасаған ата-аналары, қамқоршылары мен педагогтарына жазаны күшейту ұсынылған. Қазіргі заңда (ҚР ҚК 120 бабы) қылмысты жақын туысы не педагог жасаса оған 12 жылдан 17 жылға дейін түрме жазасы тағайындалады. Жаңа заңда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.

№7. Балаларға жәбір көрсеткені үшін ата-аналары мен қамқоршыларына жаза тағайындау

ҚР ҚК 124 бабы бойынша ата-аналар, қамқоршылар мен педагогтарға да жазаны күшейту жоспары бар. ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру"). Ұсынылған жаза мерзімі 7 жылдан 12 жылға дейін. Қазір 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

14 жасқа толмаған балаға жәбір көрсеткені үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасының орнына ересектер 10 жылдан 15 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін.

Кәмелет жасына толмаған адамға қатысты туыстары не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл осы іс-әрекеттер үшін 7 жлдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынып отыр (Қолданыстағы заңда 7 жылдан 10 жылға дейін).

№8. "Келісімсіз сексуалдық әрекеттер жасауға ұмтылу" бабы пайда болады

Қылмыстық кодексте дәл осындай жаңа бап пайда болуы мүмкін. Жобада бұл былай жазылған:

  • Келісімсіз сексуалдық ұсыныс жасау;
  • Сексуалдық қызмет көрсетуді және басқа да вербалды немесе сексуалдық сипаттағы әрекеттерді талап ету;
  • Жәбірлеу, сексуалдық қызметке сыйақы беруге орынсыз уәде беру;
  • Сексуалдық сипаттағы басқа да ауызша немесе физикалық күш қолдану (құшақтау, тиісу).

Келісімсіз сексуалдық әрекеттер жасауға ұмтылғаны үшін жаза ретінде 200 АЕК көлемінде айыппұл не 50 тәулікке дейін қамау жазасын тағайындау ұсынылған

№9. Сексуалдық зорлық туралы істе тараптардың татуласуы алынып тасталады

Заң жобасын әзірлеушілер ҚР ҚК 120 және 121 баптарын жеке-жария іс тізімінен алып тастап, оны жариялы түрде айыптау ісіне ауыстыруды ұсынып отыр. Бұл тараптардың татуласу мүмкіндігінен айырады. Осы баптар бойынша жәбірленуші тараптың шағымынсыз қылмыстық іс қозғау мүмкін болады.

№10. Шартты-мерзімнен бұрын босатуды алып тастау

Зорлық-зомбылық жасап, ауыр қылмыспен сотталғандарды шартты-мерзімінен бұрын босатуды алып тастау көзделіп отыр. Қазір бұл тек кәмелет жасына толмағандарды зорлап, сотталғандарға ғана қолданылады.

Сонымен қатар заң жобасын әзірлеушілер жыныстық сипаттағы қылмыстары үшін бірнеше рет сотталғандарды ауырлататын мән-жайларды қарастыруды ұсынып отыр.

Авторы Данияр Айсаров.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Серіктестер жаңалықтары