Құнды трансфер. Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де көмектесіп жатқан мұнай өндірудің 6 технологиясы

Informburo.kz "Шеврон" энергетикалық корпорациясымен бірлесіп, технологиялық көшбасшылардың Қазақстан экономикасы дамуына қалай үлес қосып жатқанын баяндайды.

Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан халықаралық корпорациялармен белсенді және өзара тиімді ынтымақтастықта болды. Олармен бірлесе жұмыс істеу елдегі әртүрлі саланы нөлден бастап дамытуға, инновацияларды енгізуге және оларды әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті етуге көмектесті.

Қазір Қазақстан өнеркәсібі технологиялары дамыды және басты міндет – бизнес тиімділігін арттыру, пайданы оңтайландыру, қауіпсіздікті жақсарту және экологияны сақтау үшін заманауи шешімдерді қолдану. Сондықтан бүкіл әлемдегідей назар цифрлық технологияларға аударылуда. Жаңа шешімдер енгізуде технологиялық компаниялар тағы да алдыңғы қатарда тұр. Мұнай саласы мысалын қолдана отырып, Қазақстанға қандай цифрлық технологиялар келіп жатқанын және оларды қалай қолданатынын қарастырайық. 

"Шеврон" корпорациясы ең жаңа технологияларды тиімді қолдануымен танымал, ол мұнай-газ операторы "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) арқылы Қазақстандағы ең жаңа әзірлемелер мен технологияларды енгізуде. Мұнай өндіру мен оны өңдеудегі жаңа шешімдермен қоса, тиімді басқарудың және жұмыс қауіпсіздігін арттырудың озық тәжірибесі, соның ішінде кәсіпорындарда коронавирус таралуына қарсы күрес кеңінен қолданылуда.


№1 технология. Виртуал зауыт

ТШО Chevron ETC-пен бірлесіп "виртуал зауыт" цифрлық платформасы тұжырымдамасын әзірледі. Онда нақты уақыт режимінде жұмыс істеп тұрған зауыттарда технологиялық процестің дәл параметрлерін әзірлеу үшін деректерді іздеу және модельдеу қолданылады. Виртуал зауыт Теңіз мұнай-газ кешенінің шағын бөлігін ғана қамтығанына қарамастан, оның тиімділігі өндіріс көлемінің жылына бірнеше миллион баррельге артуы арқылы дәлелденеді.


№2 технология. Жүйелердің аяқталуын болжау және жұмыс ауқымын жоспарлау (SWIFT)

SWIFT – бұл Келешек Кеңею жобасын (ККЖ) жүзеге асырудың маңызды бағыттарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін жүйелердің аяқталуын болжауға және жұмыс ауқымын жоспарлауға арналған кешенді бағдарламалық шешім. SWIFT шешім қабылдау процесін үздіксіз жетілдіруді, ішкі процестерді жеңілдетуді және өнімділікті арттыруды қамтамасыз етеді, бұл ККЖ әлеуетін барынша арттыруға мүмкіндік береді.


№3 технология. Қойманы қорға толтыру құралы

Технология ТШО топтарына кеңейтілген мәліметтер мен қойма қорлары деңгейін талдау мүмкіндігін ұсынады. Деректерді қолмен енгізу процестері және электрон кестелердің көп мөлшерін қолдану кіріктірілген шешіммен алмастырылды, бұл тапсырыстарды басымдық беру арқылы талдауға және толтыру уақытын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл қорлар қажеттігін ерте анықтау арқылы өндірістің сенімділігін арттыруғасептігін тигізеді. 


№4 технология. Географиялық ақпарат жүйесі (ГАЖ): "Бір ТШО – бірыңғай карта"

ТШО-ның бірыңғай картасы – бұл ТШО-ның бизнес-процестерін оңтайландыру және нысандардыжобалауға және салуға рұқсат алу процесін қолдау мақсатында ТШО-ның әртүрлі департаментінен алынған ГАЖ деректерін бірыңғай цифрлық порталға біріктіретін әмбебап ГАЖ шешімі. Жоба Agile әдіснамасын қолдана отырып жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта "ТСО One Map"-та жер учаскелері туралы ғана емес, ККЖ нысандары құрылысы, пайдаланылу  және   қалпына келтіру мәртебесі, күрделі жобалар, экологиялық және басқа да деректер, сондай-ақ жоғары дәлдіктегі жерсерік суреттері және дрондардан алынған суреттер бар.


№5 технология. ТШО-ның  цифрлық акселераторы

Цифрлық акселераторды жасау идеясы стратегиялық мақсатты, яғни ТШО-да цифрлық трансформацияны жүзеге асыруды талап етті. Цифрлық акселератор әртүрлі бағыттағы мамандардың ауқымды бизнес-идеяларды нақты өнімге айналдыратын ынтымақтастық алаңы ретінде қызмет етеді. Қызметтің негізгі бағыты аясында сегіз жаңа цифрлық шешімдер мен релиздер шығарылды және де ТШО цифрлық жобаларын жетілдіруді жалғастыруда.  


№6 технология. Covid-19 инфекциясының таралуына қарсы кешенді күрес: Tengiz Pass қолданбасы, ПТР сынамасының реестрі және жұмыс ауысымдарының порталы

Covid-19 пандемиясы басталғаннан бері барлық жаңа цифрлық шешім ТШО-ға вирус таралуын азайтқан бұрын-соңды болмаған іс-шараларды өткізуге мүмкіндік берді. "Tengiz Pass" қолданбасы Атырау облысы әкімдігі жанындағы жедел штаб өкілдеріне ТШО-дан тыс орналасқан компаниялар үшін  вахта сұранымдарын қабылдауға және мақұлдауға, кіру пунктілерінде жеке басын куәландыратын құжаттарды электронды сканерлеуді жүзеге асыруға, ауысым дерекқорына және әкімдік жанындағы жедел штабқа нақты уақыт режимінде Теңізде  адамдардың болуына талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Жұмыс ауысымдарының порталы ТШО-ның операциялық сервистерін қолдау және вирустың таралуына байланысты оқшаулау мен шектеулер жағдайында бизнестің тоқтамауын қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР мен TШO-ның Covid-19-ға қатысты шараларын жүзеге асыру үшін қайта ауысымдық жұмысқа а шығу процесін сенімді жоспарлау, үйлестіру және басқару үшін жасалған.

Шешім әр түрлі топтарға тәулік бойы қол жеткізе алатын бірдей мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеуге, әрі  стратегиялық және тактикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. ПТР сынамасы тізілімі – бұл ПТР сынақтарына сұраныстар жіберуге, мұнай алу аймағында ПТР үлгілерін жинауға және басқа зертханалармен автоматты түрде мәліметтер алмасуға арналған интеграцияланған веб-жүйе. Оң нәтиже болған жағдайда, контактілерді қадағалауға арналған мәліметтерді генерациялау алгоритмдері іске қосылады. Сонымен қатар, ТШО-ға коронавирустың таралуына қарсы тиімді күресуге көмектесетін көптеген басқа да шешімдер қабылданды. ТШО кәсіпорындарында вирус таралуын болдырмаудың бүкіл технологиялық процесін төмендегі слайдтан көруге болады.


Цифрлық экономика жолындағы Қазақстан

Цифрлық экономика – бұл ірі кәсіпорындар үшін, шағын және орта бизнес пен қарапайым тұтынушылар үшін онлайн-мүмкіндіктер мен инновациялық цифрлық технологияларды пайдалану. "Цифрлық Қазақстан" сияқты мемлекеттік даму бағдарламаларынан басқа, жеке сектордағы компаниялар қазақстандық салалардың инновациялық дамуы мен цифрландыруына маңызды үлес қосуда. Әлемдік экономиканы цифрлық технологиялар басқарады. Қазақстан осы перспективалы үрдісте бар.  

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары