USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Германияда өтетін кинофестиваль қазақстандық фильммен ашылады

Режиссер Әділхан Ержановтың үш картинасы фестиваль бағдарламасына енгізілген.

21-ші Орталық және Шығыс Еуропаның goEast кинофестивалі қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмімен ашылады, деп хабарлады zakon.kz.

Шара 2021 жылдың 20-26 сәуірі аралығында онлайн форматта өтеді. Ұйымдастыру комитеті Германиядағы Висбаден қаласында орналасқан.

"Сары мысық" фильмінің бас кейіпкері Кермек есімді жігіт. Ол өткен қылмыстық өмірін мәңгіге артта қалдырғысы келеді және тауда кинотеатр салуды армандайды.

Фестиваль аясында Әділхан Ержановтың екі картинасы көрсетіледі: қысқаметражды "Бақытжамал" және "Ұлболсын" фильмі. Биыл фестивальге 92 кинотуынды қатысады.

2001 жылы Клаудия Диллман goEast кинофестивалінің негізін қалады. Фестиваль мақсаты — Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің мәдени дамуы туралы білім деңгейін арттыру, сондай-ақ әртүрлі кинематография мектептерінің арасында диалогты кеңейтуге ықпал ету. 2017 жылдан бері фестивальге Хелен Герритсен жетекшілік етеді.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау