Тікелей эфир

Қазақстан мен Өзбекстан жыл соңына дейін "азиялық шенген" – Silk Road визасын енгізуді жоспарлап отыр

Бастапқы кезеңде жобаға тек екі ел кіреді.

"Азиялық шенген" аталатын Silk Road Visa жобасын енгізу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Sputnik Қазақстан" басылымына Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Бастапқы кезеңде Silk Road жобасына Қазақстан мен Өзбекстан кіреді.

Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Silk Road Visa көп реттік электрондық туристік визасы туралы ережелер және азаматтары осындай визаға жүгіне алатын елдердің бірыңғай тізімі келісілді. Виза берудің бірыңғай электрондық жүйесін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Болашақта "азиялық шенген" құрамына Қырғызстан мен Әзірбайжан кіреді деп күтілуде. Silk Road Visa көп реттік электрондық туристік визасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерге бірден бірнеше елге баруға мүмкіндік береді. Ұсынылған тетік трансұлттық туристік өнім жолындағы кедергілерді еңсеруге мүмкіндік бермек.


Оқи отырыңыз: Үнемді саяхат: ақылмен жұмсаса, аз ақшаға да көп елді аралап қайтуға болады


Silk Road жобасын 2020 жылы іске қосу жоспарланған болатын. Бұл туралы Өзбекстан вице-премьері мәлімдеген.

"Азиялық шенген" құру идеясын 2018 жылдың маусымында Дариға Назарбаева айтқан болатын. 2019 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе тереңірек зерттеуді талап ететінін хабарлады. Өйткені, тәуелсіз даму жылдарында барлық мемлекеттер шекараға кіруді бақылаудың жүйелерін өздері белгілеп, дамытты.

Серіктестер жаңалықтары