Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Биылғы 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысына баса мән берілді.

Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады, деп мәлімдейді Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастыққа және биылғы 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысына баса мән берілді.

Бұдан бөлек тараптар екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі табысты жұмыстарын атап өтті. Бұл бағытта қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз