Тікелей эфир

Шымкент урбанизм тұрғысынан дамыған қала бола алады

Урбанист, Qazurban урбанистика институтының қызметкері Асхат Сәдуов Шымкенттегі ескі ипподромның аумағын қалай дұрыс пайдалану керектігін айтты.

Кварталдық құрылыстарға қайта оралу қажет және қала көшелердің экономикасы тұрғысынан дамуы тиіс. Егер сіз ескі бас жоспарға қарасаңыз, онда біздің қаланың аумағы шашырап кеткен. Бұл қаланың жүрегі болып табылатын ерекше тарихи орталық бар. Әрі қарай бізде бір-бірімен байланысы жоқ жер телімдері жатыр. Көшіп-қонып жүрген адамдар осы көшелерге қоныстанады. Қазір ипподромның орнына салынатын құрылыс туралы әлеуметтік желілерде белсенді талқыланып жатқан жер теліміне "мүмкіндіктер" тұрғысынан қарау қажет. Қалада дендросаябақ, зообақ, Бәйдібек би саябағы, Наурыз алаңы мен өлкетану мұражайының қызметтерін байланыстыратын жаңа орталық құруға мүмкіндік бар. Яғни бұл қызметтердің бәрі қаланың орталығын құрайды, алайда қазір біз мұны байқамай отырмыз.  Бұл жерде толыққанды өмір жоқ, адамдар мұнда анда-санда келеді.

Ипподром құрылысы мүмкіндіктер тұрғысынан шапшаңдатқыш рөлді атқарып, осы функцияларды бірнеше көше арқылы бір жүйеге байланыстыра алады. Бұл көшелер Шымкентті жаңаша дамытатын экономикалық орталықтар бола алады. Яғни біз қазір, шын мәнінде, ипподромның инновациялық тұрғыдан дамуының басқа бағытына айналуы мүмкін сәтті бастан өткеріп жатырмыз, ол Нұр-Сұлтанда да, Алматыда да жоқ. Шымкент урбанизм тұрғысынан дамыған қала бола алады.

Яғни біз қазір ипподромда жасалатын инновация Нұр-Сұлтанда да, Алматыда да жоқ басқа даму учаскесіне айналуы мүмкін кезді бастан кешіріп жатырмыз. Шымкент урбанистика тұрғысынан алдыңғы қатарлы қалаға айналуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: Урбанизация. Қазақстанда қалаға көшу динамикасы қандай?


Егер ипподромды саябақ аймағы ретінде дамыту туралы айтатын болсақ, онда "жасыл" аймақтардың шоғырлануы тым көп. Хайуанаттар бағы, дендросаябақ, оның жоғары жағында тағы бір саябақ бар. Барлық тұрғын үйден бөлінген бұл саябақтар шоғырына тек автокөлікпен бара аласыз, яғни саябақта бос уақыт өткізу үшін көлікпен немесе қоғамдық көлікпен бару керек. Бұл мүлдем дұрыс. Саябақтар бүкіл қала бойынша біркелкі орналасып, ол жерлерген оңай жете алуымыз керек.

Маған Шымкент қаласының әкімдігінің 2025 жылға дейінгі мегаполистің айналасын қоршайтын аумақтың жасыл желекке оранатыны өте ұнайды. Бұл қаланың айналасында жақсы "жасыл" белдеу жасайды. Егерде, қалаға қарай соғатын желдің бағытын ескерсек, оттегіге байытылған ауа ағымы үнемі қала аумағын оттегіге қажеттілігін қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы халық саны мен ел демографиясы туралы қызықты деректер


Егер ескі бас жоспар туралы айтар болсақ, ол облыс орталығы үшін жасалған болатын. Бүгінгі таңда біз оны қайта қарауымыз керек. "Шымсити" әрқашан шашыраңқы болып қала береді. Бұл шағынауданның басқа жерлермен байланысуын жақсарту керек. Яғни байланыстыратын көше көбірек болуы қажет.

Маған шымкенттіктердің белсенділігі өте ұнайды. "Белсенділерді қаланы дамыту ісіне қалай сауатты тарту керек?" деген ол – келесі мәселе. Мәселенің тек бір бөлігіне ғана назар аудармай, экономикалық, экологиялық және эстетикалық жақтарын да ескеру қажет. Ең маңыздысы – қаланың экономикасы.

Менің ойымша, ипподромды мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырған жөн. Бұл дегеніңіз – қазір іске асыруды қажет ететін бірегей мүмкіндік. Сөзімді қорытындылай келе, Қазақстанның жаңа жоспарлау жүйесіне көшетіндігіне үлкен үмітіміздің бар екенін айтқым келеді. Бүгінгі таңда Кеңестік өркениеттің құлдырағанын көріп отырмыз. Жоспарлы экономика мен өнеркәсіптік қалаларды жоспарлау моделі қазірдің өзінде қажеттігін жоғалтты. Біз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басамыз. Жаңа кезеңге өткен Шымкент көпорталықты жолмен дамиды деп сенемін. Адамдар жұмыс істеп жатқан жерлерінде демалып, барлық қажетті қызметті жандарынан табуға құқылы. Шымкент қаласының бұл тәсілді жүзеге асыруға барлық мүмкіндігі бар.

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары