Прямой эфир Новости спорта

Мемлекет кімдерге тұрғын үй жалдауға көмектеседі?

Бұл ретте субсидиядан үміткер отбасының орташа табысы есепке алынады.

Отбасы банкі тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін таныстырды.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алады:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
  • көп балалы отбасылар.

Оқи отырыңыз: 5 мың теңгеге қалай пәтер жалдап тұруға болады? Мемлекеттік бағдарламаларға шолу


Басты талап қандай?

Жалдау ақысын субсидиялауға өтініш білдірген отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2023 жылы – 40 567 теңге) аспауы қажет.

Ескерту: бағдарламаға қатысқысы келетін адамның Отбасы банкінде ашылған депозиті болуы керек. Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары