"Ақтоғай Агро" ЖШС Жоламан ауылына жағдай жасаймыз деп, жайылым жердің 6 гектарын сүт тауарлы ферма салуға алған.
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының тұрғындары тағы да шу шығарды. Айтуларынша, жергілікті билік ауылдың жайылым жерінің 240 гектарын жекенің қолына өткізбек болған. Басқа табыс көзі жоқ, тек малмен ғана күнелтіп отырған ауыл тұрғындары бұған үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Себебі, осыған дейін де "Ақтоғай Агро" ЖШС Жоламан ауылына жағдай жасаймыз деп, жайылым жердің 6 гектарын сүт тауарлы ферма салуға алған екен. Бірақ, уәде тек сөз жүзінде қалған.
"Жоғары жақта отырған атқамінерлер бізге қысым көрсетіп жатыр. Ауыл тұрғындарымен еш санасқысы келмейді. Жұмыстан шығарамыз деп қорқытады", – дейді ауыл тұрғыны Бош Жаман.
Елді мекенде мал шаруашылығынан басқа кәсіп жоқ. Халықтың уәжін тыңдаған жергілікті әкімдік өкілдері егер тұрғындар қарсы болса "жер жекенің меншігіне өтпейді" деп сендірді.
"Суармалы жерлерді көбейтіп, "Ақтоғай Агроға" Жоламан ауылының қасынан қосымша жер сұраған. Халық бермейміз деп отыр. Халықтың айтқаны болады", – дейді Ақтоғай аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сәбит Қаратаев.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-