Тікелей эфир

1 қазаннан бастап дәрігерлердің еңбекақысы қалай өзгереді? Кімнің табысы артады?

Бір реттік 1000 АЕК ынталандыру сыйақысы бар "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағын беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға арналған кеңесте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2021 жылдың 1 қазанынан бастап медицина қызметкерлеріне арналған "коронавирус" үстемақысы алынып тасталатынын айтқан болатын.

Отандық медицина қызметкерлері 2020 жылдың наурызынан бастап қаржылай қолдау ала бастаған. Оларға барлығы 229 миллиард теңге төленді.

Енді 1 қазаннан бастап коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне қосымша төлемдер тоқтатылады. Ал 1 тамыздан бастап үстемеақының көлемі 50 пайызға қысқарды.

50 пайызға қысқарған жағдайдағы төлемдер:

  • бірінші қауіпті топ – 10 ЕАЖМ;
  • екінші қауіпті топ – 5 ЕАЖМ;
  • үшінші қауіпті топ – 2,5 ЕАЖМ.

Бұл шешім неге қазір қабылданды?

Денсаулық сақтау министрлігінің Жұртшылықпен байланыс департаментінің мәліметінше, президентің 2020 жылғы 30 наурыздағы тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы наурыздан бастап Covid-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне коронавирус жұқтыру қаупі жағдайында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеген.

Мәселен, 2021жылдың 6 айында 106,2 млрд теңге төленген. 2020-2021 жылдары орташа есеппен 51 мың қызметкер төлем алды.

"Бұл ретте 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін жаппай вакцинациялау басталды. Бүгінде медицина қызметкерлерінің 93,5% вакцина алған. Яғни 217 мың медицина қызметкерінің 203 мыңы екпе алып үлгерген", – делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ, 2020 жылы Covid-19-бен ауырған медицина қызметкерлер саны – 17450 адам, ал 2021 жылы 6400 адам ауырғанын айта кету керек. Бұл жұқтыру қаупі өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін көрсетеді.

Сонымен қатар медицина қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.


Оқи отырыңыз: Биыл Covid-19 жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 2 есе азайды


2021 жылғы 1 қазаннан бастап үстемеақылар төлеудің күшін жоюға байланысты медициналық қауымдастықтың арасында зиянды және ерекше еңбек жағдайларында жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін қолдау үшін, дәрігерлердің қосымша жұмыстан бас тартпау, жұмысына салғырттықпен қарамау үшін Министрлік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруді  жоспарлаған. Басым мамандықтар бойынша:

  • реаниматолог-анестезиологтар;
  • инфекционистер;
  • эпидемиологтар;
  • психологтар;
  • МСАК әлеуметтік қызметкерлері;
  • патологоанатомдар.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін министрлік 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға қатынасын 2,5 есеге дейін жеткізе отырып кезең-кезеңімен көтеру жөніндегі іс-шараларды жалғастыратын болады.

Дәрігерлердің жалақысын 246 мың теңгеден (2020 жыл) 561 мың теңгеге дейін (2023 жыл) көтеру және орта медицина қызметкерінің жалақысын 144 мың теңгеден (2020 жыл) 210 мың теңгеге дейін (2023 жыл) көтеру жоспарланып отыр.

Тоғыз санат қалай таңдап алынды?

9 санат критерийлерді әзірлеу үшін министрлік бес балдық жүйе бойынша тәуекелдер тізбесін әзірледі: 

  • қан арқылы берілетін инфекциялар қаупі;
  • ауа-тамшылы жолмен жұқтыру қаупі;
  • тікелей және тікелей емес байланыс арқылы жұқтыру қаупі;
  • эмоциялық асқыну;
  • пациенттердің өлімімен еңбек әрекетінің ұштасуы;
  • биологиялық;
  • психоәлеуметтік;
  • химиялық/ сәулелік;
  • тірек-қимыл аппараты бұзылуының даму қаупі;
  • жаңа технологияларды енгізу тәуекелі;
  • пациент үшін жоғары қауіпті манипуляцияларды орындау. 

Сондай-ақ, халықаралық деректерге сәйкес мамандықтар бөлінісінде ең жоғары және ең төмен жиынтық тәуекелдер анықталды. Әзірленген жоба сараптамалық қорытынды алу үшін қауымдастықтарға жіберілді.

Жалақы қалай артады?

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін министрлік 2019 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттырып келеді.

Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы орта есеппен пайызға және орта медицина қызметкерінің жалақысы 20 пайызғаға артты және 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысының арақатынасы экономикадағы орташа жалақыға қарағанда 2,5 есеге дейін жеткізілетін болады.

Ынталандыру сыйақысы

Үстемеақының тоқтатылуына байланыста министрлік биыл 1 қазаннан бастап мамандықтардың басым түрлері бойынша қосымша ақылар белгілеуді жоспарлап отыр. Қосымша ақылардың мөлшері орталық мемлекеттік органдармен пысықталып жатыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 1000 АЕК біржолғы ынталандыру төлемімен "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағын беруді қарастыру ұсынылады.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары