Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан және ел аймақтарынан келген 60-тан астам команда жиналды.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай әуесқойлар арасында жағажай волейболынан халықаралық турнир басталды. Спорттық шараны Алматы қаласы әкімдігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және қалалық Волейбол федерациясының қолдауымен "Буревестник-Алматы" спорт клубы ұйымдастырып отыр. Турнир Интернационал федерациясы (FIVD) бекіткен жағажай волейболының ресми ережелері бойынша 7-10 мамыр аралығына жоспарланған.
Алаңға Өзбекстан, Қырғызстан және ел аймақтарынан келген 60 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша әуесқой ерлер, әйелдер және аралас 60-тан астам команда жиналды.
Оқи отырыңыз: Алматыда Олжас Сүлейменов аллеясы ашылды
Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Олжас Сүлейменовтың асқақ рухты шығармаларымен мемлекет және қоғам қайраткері ретінде атқарған ерен еңбегіне тоқталып, ақын тұлғасы барша қазақстандықтар үшін жарқын үлгі екенін атап өтті.
Олжас Сүлейменов өз кезегінде адам баласының ғарышқа тұңғыш ұшуын жырлаған "Адамға табын, жер, енді" өлеңін оқып, барлық азаматтарға жылы лебіздері үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ, жиында ол Қазақстан ұлттық лигасының волейболдан Чемпион кубогын "Буревестник" аға командасына салтанатты түрде табыстады.
Ал Қазақстан Жоғары волейбол лигасындағы "Буревестник" жасөспірімдер командасына ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Чемпион кубогын ұсынды.
Өзге қонақтармен бірге Олжас Сүлейменов те ҚазҰУ-да ашылған Елбасы саябағына көшет отырғызды.
Оқи отырыңыз: ҚазҰУ қалашығында "Елбасы саябағы" ашылды
Айта кетсек, Олжас Сүлейменов – ҚазҰУ-дың танымал әрі құрметті түлегі. Университетте "Олжас Сүлейменов лингвистикалық ғылыми-зерттеу орталығы" жұмыс істейді. Онда тың ғылыми жобалар табысты жүзеге асырылуда.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚌 Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
-
378
-
0
-
0
-
-
2🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
384
-
0
-
0
-
-
3🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
411
-
0
-
2
-
-
4📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
324
-
0
-
0
-
-
5🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
303
-
0
-
0
-
-
6💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
273
-
0
-
0
-
-
7👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
263
-
0
-
0
-
-
8🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
243
-
0
-
0
-
-
9☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
252
-
0
-
0
-
-
10👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
198
-
0
-
0
-