Тікелей эфир

Қолайсыз ауа райына орай бірнеше өңірде жолдар жабылды

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі хабарлады.

Бес облыс аумағындағы келесі республикалық маңыздағы тас жолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды:

Ақмола облысы:

  • "Екатеринбор-Алматы" (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін, 856-917 км);
  • "Жезқазған-Петропавл" (Қостанай облысының шекарасынан Знаменка кентіне дейін, 377-595 км );
  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін, 232-260 км);
  • "Щучинск-Зеренді" (Щучинск-Зеренді ауданына дейін, 0-80 км);
  • "Көкшетау-Атбасар" (Балкашино кенті шекарасынан Атбасарға дейін, 107-184 км).
Оқи отырыңыз: ІІМ жабық трассаға шыққан жүргізушілерге айыппұл салу мәселесін қарастырып жатыр

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолы (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін, 0-92 км).

Шығыс Қазақстан облысы:

  • "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолы (Малкелді ауылы-Аягөз қаласы-Бұғаз ауылы, 447-941 км).

Қостанай облысы:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін, 108-232 км);
  • "Жезқазған-Петропавл" (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін, 340-377 км).

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында биыл қар көшкінінің қаупі жоғары. Табиғи апаттан сақтану жолы қандай?

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Екатеринбор-Алматы" (Чистополье елді мекенінен Ақмола облысының шекарасына дейін, 835-856 км);
  • "Тимирязев-Сарыкөл" (Тимирязев ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 0-32 км).

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерге ауа райының өзгеруін, SMS ескертулерді бақылап, қозғалысты жабу кезінде трассаға шықпауды ескертеді. Метеорологиялық жағдайдың нашарлауы және автомобиль жолдарының жабылуы туралы "Darmen" мобильдік қосымшасы арқылы біліп отыруға болады.

Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі: 112.

Серіктестер жаңалықтары