
Бүгін Үржар ауданында облыстық мәслихатқа кандидат Мамырбек Қарашев Қаратал ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасымен және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Ол – аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту, жол жөндеу және таза ауыз сумен қамтамасыз ету.
Nur Otan партиясының Үржар ауданына қатысты бағдарламасына сәйкес, алдағы бес жылда аудандағы ауылдарды таза және орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі алға қойылып отыр.
"Бүгінгі күні Үржар ауданында 53 ауылдық елді мекеннің 24-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 29-ы құдықтан су алады. Біз 2025 жылға қарай осы 29 ауылдың тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз", – деді кандидат.
Айта кетсек, 2025 жылға дейін Үржар ауданындағы 25 ауылға су құбыры тартылып, 4 ауылға блокты-модульді станциялар орнатылып, нәтижесінде аудан тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныс айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-