Тікелей эфир

Nur Otan үміткері Түркістанда медицина нысандары көбейетінін айтты

Түкістан облыстық мәслихаты депутаты болуға үміткер Ләззат Динашева Түркістан қаласындағы медицина нысандары мен дәріханаларда бірнеше кездесу өткізді.

Университетте қызмет атқаратын тарих ғылымдарының кандидаты партия тарапынан медицина саласына қолдау күшейетінін жеткізді. 

"Әлемді әбігерге салған пандемия медицина саласында өзекті проблемалар бар екенін аңғартты. Nur Otan партиясының бағдарламасында дәрігерлік қызмет сапасын арттыру, медициналық нысандарды көбейту жоспары бар. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 мың теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 мың теңге болады. Әрбір өңір дәрі-дәрмектпен, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау саласын барлық көздерден қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін жеткізіледі", – деген үміткер Түркістан облысында заман талабына сай ірі 14 медициналық нысан салынатынын атап өтті. 


Түркістандағы "Ақмарал" клиникасының қызметкерлері партияның ақ желеңді абзал жандарға деген бағдарламасына оң баға беріп, қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Ләззат Динашева Түркістан қаласындағы мекемелер мен "Отырар" шағынауданындағы тұрғын үйлерді аралап, жұртшылықпен кездесті. Көпшілікті Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. 

Ал сіз өз таңдауыңызды жасайсыз ба? Nur Otan әрдайым сізбен бірге. 10 қаңтарда сайлауға келіңіз, тұрақтылық, бірлік, даму үшін дауыс беріңіз! 

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары