Тікелей эфир

Нұр-Мүбарак университетінде Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы аудитория ашылды

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Жаңа технологиялармен жарақтанған аудиторияға ғалымның еңбектері, тарихи суреттері қойылған.

Нұр-Мүбарак университетінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти қызметін атқарған шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы аудитория ашылды, деп хабарлады muftyat.kz сайты.

Шарада университет басшылығы Әбсаттар қажы Дербісәлінің Қазақстандағы білім-ғылым, дін саласында ғана емес, Нұр-Мүбарак университетінің тарихында өзіндік қолтаңбасы барына ерекше тоқталды. Әбсаттар қажы Дербісәлі осыдан 20 жыл бұрынғы ахуалға шегініс жасап, тарихи бастаманы жоғары деңгейде алып кеткен университет басшылығына, ұжымына ризалығын білдірді. 

Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди университеттің Диссертациялық кеңес төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің қазақ елі үшін ғана емес, Ислам әлеміне қосқан үлесіне тоқталып, шәкірттердің академиктен үйренері көп екенін атап өтті. 

Университеттің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған жаңа аудитория студенттерге ерекше сый болды. Себебі, ғалымның еңбектері, тарихи суреттері, жаңа технологиялармен жарақтанған аудиторияда пандемия жағдайына қарамастан білім алуға болады.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары