Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды, деп хабарлады Елбасы сайты.
"Қазіргі таңда Қазақстанның тұңғыш президенті өзін өзі ошаулады. Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Назарабевтың коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға еш себеп жоқ", – деп жазылған хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастырады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 18, 2020
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын.