Тікелей эфир

Нұр-Сұлтанда "Бір әлем – бір өмір" халықаралық жастар балы өтті

Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Елордада "Бір әлем – бір өмір" (One world – one life) атты халықаралық жастар балы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Жастар жылында атқарылған жобаларды атап өтті.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен / Фото astana.gov.kz сайтынан алынды


– Биыл мемлекет тарапынан жастарға жоғары деңгейде көңіл бөлінді. Олардың білім алуына, жұмыс істеуіне, өзін дамытуына арналған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әкімдіктің ұйытқы болуымен жастар жылының жол картасы бойынша 136 жоба аясында 600-ден астам іс-шара өткізілді. Бүгінгі балл – Нұр-Сұлтан қаласы жастарының барша санатын бір әуен, бір идея аясына жинайтын, жастарымыз асыға күтетін жылдың қорытынды шараларының бірі. Биыл жастар балы әлемнің 9 мемлекетінің белсенді жастарының қатысуымен халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр, – деді ол.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

Жастар балына қатысушы арулар / Фото astana.gov.kz сайтынан алынды


Сондай-ақ, әкім орынбасары Тәуелсіздік күніне қарсы жастарға пәтер табысталғанын да тілге тиек етті.

– 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы іске асырылды. Оның нәтижесі бойынша қаланың жұмыс істейтін жастарына 1050 пәтер табысталды, – деді Бақтияр Мәкен.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

Қайырымдылық балына жиналған жұптар / Фото astana.gov.kz сайтынан алынды


Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, биылғы қайырымдылық балл халықаралық деңгейде өтуде, яғни оған Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Индонезия және Венесуэла елінің өкілдері қатысып жатыр.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

Балл жүргізушілері / Фото astana.gov.kz сайтынан


Кеш барысында көпшілік назарына бидің бірнеше түрі ұсынылды.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары