Тікелей эфир

Nowruz Film Days 2021: Қазақстандықтар Орталық Азия елдері фильмдерін тегін тамашалай алады

Фото bozar.be сайтынан алынды
Фото bozar.be сайтынан алынды
Кинофестивальде қазақстандық режиссер Шәрипа Оразбаеваның "Мәриям" фильмі көрсетіледі.

Еуропалық Одақ BOZAR көркемөнер орталығы, Брюссельдегі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елшіліктерімен бірлесе Орталық Азия кинотуындыларының тегін онлайн көрсетілімін ұйымдастырады. 

Көрермендер фильмдерді 21-23 наурыз аралығында https://vimeo.com/bozarcinema платформасында тамашалай алады. Ол үшін ең алдымен https://vimeo.com сайтына тіркелу керек. Содан кейін сайттан фильмді іздеп тауып, nowruz2021 промокодын енгізу қажет. 

Фильмдер ағылшын субтитрімен түпнұсқа тілде көрсетіледі. Фестиваль Бельгия мен Орталық Азия елдерін қамтиды.
"Кіші Азиядан Қытайға дейін миллиондаған адам көктемнің келуі, жаңару мейрамы Наурызды тойайды. 2019 жылдан бастап BOZAR көрермендерді Наурызды тойлауға және Орталық Азия мен оның көршілерінің бай мәдениетімен танысуға шақырады. Биыл BOZAR-да кездесе алмасақ та, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мен Өзбекстанның заманау фильмдерін тамашалауды ұсынамыз. Орталық Азиядағы кинотуындылар соңғы жылдары беделді кинофестивальдерге қатысып Еуропа көрермендеріне жол таба бастады. Жергілікті кинотеатрлардан қазақ немесе қырғыз фильмін табу өте қиын. Сондықтан Nowryz Film Days-те назар аударуды қажет ететін халықаралық дәрежедегі төрт фильмді көрсетеміз", – делінген кинофестиваль ұймдастырушыларының хабарламасында.
Кинофестивальде көрсетілетін фильмдер:
  • Қазақстан. "Мәриям" фильмі, режиссері – Шәрипа Оразбаева.
  • Тәжікстан. "Жол" фильмі, режиссері – Носир Саидов.
  • Қырғызстан. "Сулеймен таулары", режиссері – Елизавета Стишова.
  • Өзбекстан. "Сабот" фильмі, режиссері – Рашид Маликов.
Фестиваль аясында кинотанушы және Орталық Азия киносы бойынша сарапшы Бергит Бюмерс режиссерлермен бірге кинотуындыларды талқылайды.
Серіктестер жаңалықтары