Тікелей эфир

Nobel Fest: Нобель лауреаттарының дәрістерін тегін тыңдаңыз

Фото: Инклюзивті даму қоры
Фото: Инклюзивті даму қоры
Фестиваль 8 Нобель сыйлығы иегері, 9 Breakthrough Prize лауреаты және бірқатар танымал сарапшылардың басын қосады.

2021 жылдың 7 сәуірінде Нұр-Сұлтанда онлайн форматта Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемдік сарапшылардың қатысуымен Әлемдік ғылым аптасы басталады.

Апталық аясында екі негізгі іс-шара өтеді:

  • II Нобель фестивалі (7-9 сәуір);
  • Қазақстан мен Орталық Азия университеттеріне арналған Нобель Дәрістерінің апталығы (12-16 сәуір).

II Нобель фестивалі – ТМД елдеріндегі ең ірі ғылыми-көпшілік іс-шараларының бірі. Фестиваль "Болашақты құру" ұранымен өтеді. Фестиваль бағдарламасы үш негізгі бағыт бойынша технологиялар мен инновацияларды дамытуға бағытталған:

  • мүмкіндіктер экономикасы;
  • болашақ индустриясы;
  • EdTrends (білім беру үрдістері).

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мемлекеттік ең жоғарғы қанша марапат бар? Кімдерге, қалай беріледі?


Нобель фестивалін ұйымдастырушы – Инклюзивті Даму Қоры. Фестиваль 8 Нобель сыйлығы иегерін, 9 Breakthrough Prize лауреатын, бірқатар танымал сарапшыларды, соның ішінде Google-дің ғаламдық білім беру көшбасшысы, Ford Motors әлемдік трендтердің жетекшісі, Bloom Energy вице-президенті, сонымен қатар Джеффри Сакс, Хавьер Сала-и-Мартин және Майкл Спенс сияқты халықаралық экономистерді біріктіреді.

Қазақстандағы Дүниежүзілік ғылым аптасының басты оқиғасы сонымен қатар 2021 жылдың 12-16 сәуірі аралығында Қазақстан мен Орталық Азия университеттеріне арналған Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрістері болады. Арнайы дәрістерді келесідей Нобель сыйлығының лауреаттары менBreakthrough Prize жеңімпаздары өтеді:

Әлемдік ғылым аптасы аясында қатысушылар Нобель сыйлығының лауреаттарымен, технологиялық компаниялардың жетекшілерімен және әлемдік деңгейдегі ғалымдармен ұйымдастырылатын дәрістерге, семинарларға және интерактивті пікірталастарға тегін қол жеткізе алады.

Қатысу тегін. Ол үшін Nobel Fest ресми сайтына тіркелу қажет.

Серіктестер жаңалықтары