Тікелей эфир

Жылу беру маусымы: Қазақстанның аймақтарында жылу қашан беріледі

Энергетика министрлігі кесте жасады.

ҚР Энергетика министрлігі жылумен қамтамасыз етілмеген өңірлерді жылумен қамту кестесі туралы айтты. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу келесі тәртіппен беріледі:

  • 3 қазан – Алматы облысы;
  • 10 қазан – Ұлытау облысы;
  • 15 қазан – Алматы, Абай, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, БҚО, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;
  • 20 қазан – Шымкент;
  • 25 қазан – Түркістан облысы.

Ең суық өңірлер – Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қазірдің өзінде жылу берілді. Ең алдымен жылумен қамту әлеуметтік нысандарға қосылған.


Оқи отырыңыз: Жылу беру маусымына дайындық: Нені ұмыттыңыз, бірге тексерейік.


"Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23-і қосылды. Тұрғын үйлерге ыстық су тартылды. Екібастұзда 90 әлеуметтік нысанның 26-сы, Астанада 240-тың 86-сы қосылды", – деп жазылған хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары