Тікелей эфир

Жыл соңына дейін 15 шетелдік блокбастер қазақ тілінде көрсетіледі

Бұған дейін бес жыл ішінде 17 фильмі қазақшаға дубляждалды.

Биыл жыл соңына дейін барлығы 15 шетелдік фильм қазақ тілінде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 

Соңғы 5 жыл ішінде "Меломан" компаниясымен Disney және Sony pictures кинокомпанияларының 17 фильмі дубляждалды.

"Мемлекеттік қолдаудың арқасында "Аватар" (бірінші бөлім), "Қара қабылан: Ваканда жасасын!" және "Аватар. Су жолы" фильмдері қазақ тіліне дубляжданды. Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі киноконтетке сұраныс өте зор. Бұл ретте министрлік қазақ тіліне дубляжданатын шетелдік блокбастерлердің санын жыл сайын арттыратын болды", – деді министрлік Informburo порталына берген жауабында. 


Оқи отырыңыз: АҚШ-та коммерциялық емес ұйымдар қалай жұмыс істейді? Арнайы репортаж


Мұнымен қатар биыл барлығы 15 фильмді дубляждау жоспарланғанын айтты. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары