Үкімет басшысы Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасап, жұмысты уақытылы орындауды тапсырды.
Ұлытау облысына бөлінген қаражаттың біраз бөлігі игерілмей, көп жоба аяқталмаған. Үкімет отырысында облыс әкімінің есебін тыңдаған премьер-министр Әлихан Смайылов өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлына осыған орай ескерту жасады.
Берік Әбдіғалиұлы қаражаттың уақытылын игерілмеуін ауа райымен және қаржының кеш түсуімен түсіндірді.
"Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында бюджетті нақтылау барысында 2022 жылғы мамыр айында Ұлттық қордан 4 ауылдық елді мекенде 5 жобаны жүзеге асыруға 634 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 4 фельдшерлік-акушерлік пунк құрылысына 480 млн теңге және Жаңаарқа ауданында дене шынықтыру-сауықтыру құрылысына 154 млн теңге қаралған. Құрылыс-монтаждау жұмысының конкурстық рәсімдерін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы 2022 жылдың 14 маусым – 14 тамыз айларында ғана өткізіп, келісімшарттар Ұлытау облысына 15 қазанда берілді. Жыл қорытындысы бойынша 350 млн теңге немесе 56 пайызы игерілді. Қаражаттың игерілмеуі жалпы ауа райы жағдайына және Қарағанды облысынан шарттар бойынша міндеттемелердің кеш берілуіне байланысты болды", – деп ақталды облыс басшысы.
Оқи отырыңыз: Ұлытау тұрғындарының жалақысын 20 пайыз көбейту ұсынылды
Алайда, үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімнің бұл жауабына қанағаттанған жоқ.
"Ақша бөлінеді. Енді сіздердің жұмыстарыңыз – соларды тиімді пайдаланып, іске асыру. Сондықтан сіздің айтқан "Ақша уақытылы бөлінбеді" деген себепті біз қабылдамаймыз. Жұмысты уақытылы орындаңыз", – деді Әлихан Смайылов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
377
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
363
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
351
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
343
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
327
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
322
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
307
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
319
-
3
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
299
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
264
-
0
-
1
-