Жұмыссыз қалған азаматтарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Енді ең көбі 3 ай төленеді.

Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі өзгереді. Қазаннан бастап тұрақты табысынан айырылған азаматтарға жәрдемақы ең көбі үш ай төленуі жоспарланып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Еңбек министрлігі ұсынған жаңа талапқа сәйкес, төлем мерзімі азаматтың әлеуметтік аударымдары қанша уақыт жүргізілгеніне байланысты болады.

Егер азамат үшін әлеуметтік аударымдар 6 айдан 12 айға дейін жүргізілсе, оған жәрдемақы 1 айға тағайындалады. Ал әлеуметтік аударымдар 12 айдан 24 айға дейін болса, төлем 2 ай беріледі. Егер әлеуметтік аударымдар 1 жылдан асса, жұмыссыз қалған азаматқа жәрдемақы 3 айға дейін төленеді. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс негізінде есептеледі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресми өкілі Ерлан Мұхановтың айтуынша, төлем орташа айлық табыстың 45 пайызына дейінгі мөлшерде тағайындалады. Бұл ретте есепке алынатын табыс белгіленген шектен аспауға тиіс.

Министрлік бұл төлемді тұрақты табыстың орнына берілетін ақша ретінде қарастырмау керегін ескертеді. Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем уақытша қаржылай көмек ретінде қарастырылады. Қазаннан бастап жәрдемақының шекті мөлшері де белгіленбек.

Жұмысынан айырылған азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жергілікті мансап орталықтарына жүгінуге немесе eGov арқылы өтініш беруге болады. Сондай-ақ бірқатар банктің мобильді қосымшалары арқылы да қызметті пайдалануға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, жәрдемақы төлеу мерзімін қысқарту мәселесі бұған дейін де көтерілген. Бұған дейін төлем мерзімі төрт айға қысқаратыны айтылған еді. Енді ұсынылып отырған жаңа тәртіп бойынша жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік төлем ең көбі үш айға тағайындалмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау