USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Жүлде қоры – 35 млн теңге: "Айбоз" әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Байқау мақсаты – отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету. Сәйкесінше, оған отандық жазушылар ғана қатыса алады. Үміткерлерге жасы бойынша шектеу қойылмайды. 

Ұлттық сыйлыққа "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматургия", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік әдеби сын" және "Үздік комикс" номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінімді 1 қыркүйекке дейін Айбоз сайты арқылы беруге болады. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Еске салайық, биыл байқау бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін бұл сыйлыққа Жүсіпбек Қорғасбек, Думан Рамазан, Маралтай Райымбекұлы, Жақсылық Сәбитов, Асылан Тілеген, Хамит Есаман және басқалар ие болды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз